Атырау облысында шекаралық аймақты газдандыру мәселесі жүйелі жолға түсті.
2017 жылы Құрманғазы ауданына қарасты Азғыр өңіріндегі елді мекендерді табиғи газ желісіне қосу мақсатында бағасы 9 миллиард 800 миллион теңге тұратын жоба қолға алынған еді. Ұзындығы 365 шақырымды құрайтын құбыр құрылысы биылғы сәуір айында толық аяқталады. Азғыр өңіріндегі 10 елді мекенде 7 мыңнан астам тұрғын бар. Жергілікті билік негізгі магистральды құбырдан әрбір үйге көгілдір отынды жеткізу мақсатында қосымша қаржы көзін қарастырып отыр. Оған жергілікті бюджеттен 160 миллион теңге бөлінді. Жоба бойынша осы жылы облыс толықтай табиғи газбен қамтылады.
Асан Нұрғалиев, облыстық энергетика және ткш басқармасы басшысының орынбасары:
– Үш жоба бойынша былтыр жұмыстар басталған. Ол – Махамбет ауданындағы үш елді мекен, Бала Ораз, Атамабаев, Көздіқара. Бұл жұмыстар аяқталуда. Қазір қосу жұмыстары жүргізілу үстінде. Қызылқоға ауданы бойынша алты елді мекеннің жобалық сметалық құжаттамасы дайын.
Дереккөз: 24.kz.