Таңертең ерте тұрып, бір сәт жүгіру немесе жаттығулар жасау адам денсаулығына өте пайдалы. «Айғақ» арнасы күнде ерте жүгіруді бастады.
Сіздер де бұл эстафетаны жалғастырып, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар. Ол үшін Шымқала саябақтарында жағдайлар да жасалған. Арнайы жүгіру жолы мен жаттығулар жасайтын орындар бар. Солардың бірі, Асанбай Асқаров атындағы Дендрологиялық саябақ. Мұнда спорт сүйер қауым сағат таңғы 5-тен бастап келеді. Жасөспірім балалардан үлкен қарияларға дейін кездестіруге болады. Барлығы да тек денсаулықты жақсартуды мақсат еткен. Сол арқылы еліміздің болашағы да жарқын болмақ. «Айғақ» арнасы әр күн сайын Дендрологиялық саябақта жүгірушілермен сұхбаттасуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады. Сондықтан да, барлығымыз таңертеңгі спортпен айналысайық.
Аруна Пернебек.