1960 жылдың екінші жартысында дүниеге келген қазақстандық әйелдер үшін зейнеткерлік жас ұзартылды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
1960 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында дүниеге келген әйелдер үшін «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамту туралы» заңның 11 бабында зейнетке шығу жасын 59-ға ұзарту қарастырылған.
Еске салсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылда алты ай сайын әйелдер үшін зейнеткерлік жас кезең-кезеңімен ұзартыла бастады. Заңмен қарастырылғандай, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 63 жаста зейнетке шығатын болады. Бұл өзгерістер 1960-1964 жылдар аралығында дүниеге келген қазақстандық әйелдерге қатысты.