• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Нұрсерік Шәріпов жаңа қызметке тағайындалды

30.12.2018
0

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсаны күні Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов Қарағанды облыстық сотының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Іс-шараға облыс әкімі Ерлан Қошанов, облыс прокуроры Марат Сексембаев, ҰҚК мен Ішкі істер департаменттерінің бастықтары Кендебай Адамбеков пен Мергенбай Жаппаров, судьялар, сондай-ақ басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Ж.Асанов осыған дейін Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған Нұрсерік Шәріповтің облыстық соттың жаңа төрағасы болып тағайындалғанын хабарлады. Жоғарғы Сот Төрағасы оның Президент Әкімшілігінде қызмет атқарғанын, судьялық 20 жылдық жұмыс өтілін, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болғанын атап өтті.

«Нұрсерік Кәрімұлымен бірге бір жыл қоян-қолтық жұмыс істедік. Нақты талап қоя білетін білікті басшы ретінде ол соттардың күнделікті жұмысын сауатты үйлестіре білді. Оның белсенді ұстанымының, әрбір іске тыңғылықты қарайтын қасиетінің арқасында «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы іске асырылды. Аталған жайттарды ескере отырып, оны осы лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданды», — деді Ж.Асанов. Ол Н.Шәріповтің Мемлекет басшысы артқан сенім үдесінен шығып, жаңа қызметте жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов 1965 жылы 13 қазанда Павлодар облысының Ертіс қаласында туған.  С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1990) заңгер мамандығы бойынша; М.Қ. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің экономика факультетін (2006) экономика бакалавры дәрежесімен бітірген.

1988 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде комсомол котитетінің хатшысы. 1990 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті. 1992 жылдан — ҚР Президенті Аппаратының жене Министрлер кабинетінің азаматтық және рақымшылық жасау жөніндегі бөлімінің референті. 1995 жылдың наурыз айынан  —  Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратында рақымшылық жасау бөлімінің аға референті. 1995 жылдың маусым айынан Алматы қаласы Фрунзе аудандық сотының судьясы. 199.. жылдан — Апматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы. 2007 жылдан — Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы. 2008 жылдан Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2010 жылдың ақпан айынан — Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2012 жылдан 2017 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2017 жылдан жаңа қызметке дейін Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент басшысы қызметін абыроймен атқарды.

Естеріңізде болса, Нұрсерік Шәріпов 2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған тұста, облыстық сот ғимаратының алдына «Үш бидің» ескерткішін, ҰОС ардагерлеріне арнап «Даңқ тақтасын» ашып, ҰОС-ның ардагері, заңгер-жазушы Н.Төлендиевтің тұрған үйіне мемориалды тақта орнатуына мұрындық болды, оның есімін Шымкенттегі бір көшеге бергізгені және Шымкенттен Ордабасы тауына дейін «Билерге тағзым», одан кейін «Түркістанға тағзым» велошеруін ұйымдастырып, Түркістан қаласына барғаны, сондай-ақ судьялармен бірге қыс айында Қазығұрт тауына шығып ту тіккен болатын.
Нұрсерік Кәрімұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Next Post

Зейнеткерлер 2019 жылдан бастап шипажайда емделуге электронды түрде жазылады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.