Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Жанар Бектаева тағайындалды.
Бектаева Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. 1999-2003 жылдары Шымкент қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент бөлімшесінде «Саясаттану» мамандағы бойынша білім алған және осы мамандық бойынша магистратураны тамамдаған. Алғашқы еңбек жолын Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент институтының «Саясаттану» кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2006-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінде бас маман, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ОҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас инспекторболып абыройлы қызмет атқарған.
2016 жылдан жаңа қызметке дейін Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Бектаева Жанар Әлібекқызы Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қалалық қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және дін істері салаларын қадағалайтын болады.