2019 жылы Түркістан мен Шымкент арасына пойыз шығарылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жаңа әкімшілік орталықтарына жолаушылардың жеткізілуін қамамасыз ету үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Түркістан-Шымкент бағытын іске қосты, ол аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері жүретін болады. Жолда жүру уақыты 2 сағат 15 минутты құрайды» — делінген сенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, отыратын орындар саны — 175, құрам заманауи жылыту жүйесімен, ауаны желдеткішпен, көтермелі құрылғылармен, арбамен жүретін мүгедек жандарға арналған орындармен жабдықталған.
«2019 жылдың 4 қаңтарында сағат 15.30-да Түркістан ст. вокзалы аумағында Түркістан-Шымкент жаңа бағытының ресми ашылу салтанаты өтеді», — делінген хабарда.
Еске салсақ, 19 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Шымкентке республикалық маңыздағы қала статусы беріліп, әкімшілік орталығы Түркістан бола отырып, Түркістан облысы құрылған болатын.