«Тау самалы – жан самалы». Аталған тақырып аясында табиғаты таңғажайып ауасы керім Төлебидің төріндегі «Тау самалы» лагерінде фестиваль ұйымдастырылды. Айтулы шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып «Осынау игі бастама өңіріміздегі бұқаралық спорт пен туризм саласын дамытуға өз септігін тигізеді. Ал бүгінгі және болашақ жастардың қызығушылығын арттыру үшін спортпен шұғылдануды өзіміз бастаумыз қажет», — дейді. Осы ретте облыс басшысы шаңғымен сырғанаудың үлгісін көрсетті.
АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА
Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...










