• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ТАУ САМАЛЫ — ЖАН САМАЛЫ» ШАҢҒЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

28.12.2018
0

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Тау самалы – Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті. Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, осынау шараның өңіріміздегі бұқаралық спорт пен туризмді дамытуға айрықша серпін беретініне сенім білдірді.

«Бүгін міне, Төлеби ауданындағы тау етегінде басталғалы тұрған «Тау самалы-Жан самалы» атты шаңғы фестивалін ұйымдастырудағы мақсаттарымыздың бірі — әрбір сүйем жері тарих шежіресіне айналған Түркістан өңірінің мәртебесін өсіріп, мерейін арттыру. Өңірдің тарихи-мәдени орындарын, аймағымыздың бренді саналатын туристік әлеуетін Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының басымдықтарымен ұштастыра отырып дамыту. Президентіміз биыл Түркістан облысын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған соң Түркістан қаласында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды. Бұның бәрі Елбасымыздың Түркістанға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығының арқасы. Бүгінгі «Тау самалы – жан самалы» фестивалі өңірдің туристік әлеуетін одан сайын жоғарылатады деп сенемін. Ендеше туған жердің табиғатына тамсанып, қысқы спортпен шұғылданып, жақсылап тынығып қайтыңыздар. Қазақтың төбе биі атанған ұлы қайраткері — Төле бидің есімін иеленген аудан келешекте туризм саласы өте жақсы дамыған ірі орталыққа айналады деп сенемін!», — деді аймақ басшысы.

Мұнан соң, облыс əкімі осы жылдың тамыз айында Индонезияда өткен ХVІІІ жазғы Азия Ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанған 6 спортшыны, сонымен қатар, 2018 жылғы қарашада Ақтау қаласында бокстан ерлер арасында өткен ҚР чемпионатына қатысып, командалық І-орынды жеңіп алған 13 сайыпқыранды облыс әкімінің Алғыс хатымен және қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Жалпы, Төлеби ауданында қысқы туризм қарқынды дамып келеді. Солардың бірі — «Тау Самалы» демалыс аймағының «Алатау» тау шаңғы базасы. Мұнда бір мезетте 3 мыңдай адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Ал, көктем және жаз айларында атпен серуендеу қарастырылған. Осы аудандағы Қасқасу ауылында «Қасқасу тау-шаңғы» курорттық базасының инфрақұрылымының құрылысы басталып кетті. Бұл әлемдік деңгейдегі демалыс орны болмақ.

Соңғы жылдары Төле би ауданында туризм саласы дамып келеді. Қазір ауданда 70 туристік нысан бар. Атап айтсақ, «Алма Тау», «Тау самалы», «Саутс-Ойл», «Изуми», «Бастау», «Айса» деп аталатын 6 қонақ үй, 2 емдік-сауықтыру орны, 2 балалар лагері жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге, 47 демалыс аймағы мен 15 коттедж саяхатшылардың сүйікті орнына айналған.

Ауданда 30-дан аса тарихи-археологиялық орындар бар. Әрқайсысы тарихтан, қилы замандардан сыр шертеді. Сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары және халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақ мешіт» секілді көпшілік мінажат ететін әулиелі орындар жұртшылықты қызықтырмай қоймайды.

Биыл ауданға ауданға 28 мыңға жуық турист тарту жоспарланса, 11 айда 28 мыңнан аса саяхатшы келіп үлгерді. 2018 жылдың басынан бері жаңадан 3 туристік нысан іске қосылды. Мәселен, «AISA» және «SAIRAM SU resort» демалыс аймақтары мен «Ақкен» балаларды саумалмен емдеу орталықтары ашылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ҮШ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Next Post

Мемлекет басшысы: Жастардың басты өмірлік бағдары еліміздің тәуелсіздігі болуға тиіс

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.