Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев телефон арқылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ, Көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті», — делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болған.
ҚазТАГ.