Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті Қорғаныс және аэроғарыш министрі етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — делінген Мемлекет басшысының жарлығындағы мәтінде.
Бұл қызметте А.Жұмағалиев сәрсенбі күні Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалған Бейбіт Атамқұловты ауыстырды.
А.Жұмағалиев 2017 жылдың тамызында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған еді. Оған дейін ол «Қазатомпром» ҰАҚ АҚ басқармасының төрағасы болды.
Дереккөз: ҚазТАГ.