Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына барды. Сапар барысында ауданға қарасты Састөбе кентіндегі 32 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарға беру салтанатына қатысты.
Құрылысын «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС жүргізген. Ал, екі 32 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйдің жалпы құны 298,9 млн. теңгені құрайды.Шара барысында Жансейіт Түймебаев түлкібастықтарды жаңа тұрғын үйлі болуымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады. Жалпы бұл тұрғын үйлер ата-анасынан айырылған балаларға, жалғыз басты отбасылар мен бюджеттік қызметкерлерге берілді.Арнайы барған Түркістан облысының әкімі ат басын Түлкібас ауданының Балықты ауылына бұрды. Онда екі қабатты 10 пәтерлі әлеуметтік қызметкерлерге арналып салынған үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл үйдің құрылысын мердігер мекеме — «ЕвроРемонт Сервис» ЖШС іске асырған. Әлеуметтік қызметкерлерді құттықтай отырып, пәтер кілтін табыстаған Жансейіт Түймебаев тұрғын үйді аралады.