Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылсын», — делінген сәрсенбідегі Президенттің жарлығында.
Б.Атамқұлов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін 2016 жылдан бері атқарған. Оған дейін 2015 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазТАГ ХАА дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Президенттің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты ауыстыруы мүмкін екенін хабарлаған еді.
Дереккөз: ҚазТАГ.