Құны 250 миллион теңгені құраған жоба аясында 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ақпараттық орталықта ІТ-мамандардың жаңа буынын әзірлеп, стартап-мәдениетін дамыту қолға алынған. Қазіргі таңда мұнда еліміздегі білікті ІТ-саласының мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар баламалы энергия көздерін өндіруге арналған қондырғылар мен робототехника құрастыруда тың тәсілдерін игеруде. Сондай-ақ орталықта 2019 жылдан бастап өңірдегі информатика пәнінің 772 мұғалімін робототехника және 3D модельдеу бағдарламасы бойынша оқыту жоспарланған. Бұдан бөлек, 5 және 10-сынып оқушыларын түрлі халықаралық жарысқа дайындау көзделіп отыр.
Абай Лесбеков «Тараз Hub» IT-орталығы директорының орынбасары:
— Біздің компаниямыз 2019 жылдың қаңтар айынан бастап облысымыздағы дарынды баллардан команда жинақтап, робототехника саласында өтетін Лондонда өтетін жарысқа дайындау — біздің басты мақсатымыз болып саналады.