• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Б. Сағынтаев: қазақстандықтар Елбасы тапсырмаларының орындалу қорытындысын сезінуі керек

25.12.2018
0

ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының тарифтер мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды төмендету туралы 07.11.2018 жылғы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар қаралды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев әрі қарай жұмысты жалғастыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Энергетика министрі Қ. Бозымбаев Энергетика министрлігінің Мемлекет басшысының осы жылдың 7 қарашасында Қауіпсіздік Кеңесінде берген тапсырмаларын орындағанын айтты. Барлық энергия өндіруші ұйымдарға талдау жүргізіп, тыңдағаннан кейін осы жылдың 14 желтоқсанында Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту туралы бұйрық қабылданды. Министрдің айтуынша, әрбір энергия өндіруші ұйым 43 топтың біріне белгіленген.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, қуат тарифінің деңгейі төмендеген кезде Қазақстанда алғаш рет электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілген. Сауда-саттық қорытындысы бойынша қуат бағасы шекті деңгейден 9%-ға төмендеді.

«Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының құны екі компоненттің (электр энергиясының бағасы және қуат бағасы) қосындысы бойынша электр энергиясының қолданыстағы шекті тарифтері деңгейінен аспайды», — деді Қ. Бозымбаев.

  • «Астана-Энергия» тарифі 19,1%-ға 7,5-тен 6,07 тг/кВт⋅сағ дейін төмендеді;
  • Шымкент қаласының ЖЭО тарифі 0,4%-ға 11,13-тен 11,09 тг/кВт⋅сағ дейін төмендеді;
  • Өскемен СЭС тарифі 33,8%-ға 4,5-тен 2,98 тг/кВт⋅сағ дейін төмендеді;
  • Шүбі СЭС тарифі 23,1%-ға 4,5-тен 3,26 тг/кВт⋅сағ дейін төмендеді;
  • Екібастұздық МАЭС-1-дің тарифі 20,9%-ға 8,8-ден 6,96 тг/кВт⋅сағ дейін төмендеді.

Есептеулердің нәтижесі қолға алынған шаралар Қазақстанның тұтынушылары үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының түпкі бағасын төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр.

Министрлік жылу және электр энергиясын өндіретін отын-энергетикалық кешендері үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаны төмендетуге бағытталған Бұйрықты бекітті. Газға шекті көтерме сауда бағасын төмендету негізінде Табиғи монополияларды реттеу комитеті отын-энергетикалық кешендер үшін газға бөлшек сауда бағасын төмендетуге бағытталған тиісті бұйрықтар қабылдайтын болады.

«Шекті көтерме сауда бағасын төмендету 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, электр энергиясын өндіретін отын-энергетикалық кешендері үшін тауарлық газдың түпкілікті бағасын өңірге байланысты 12-ден 23 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Қ. Бозымбаев.

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек көмір бағасын қалыптастыру және оны төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жалпы, халыққа жөнелтілетін көмірдің шамамен 70%-ы Шұбаркөл мен Қаражыра кен орындары есебінен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты, министрлік Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының республикалық қауымдастығымен бірігіп меморандум жобасын әзірлеген еді. Ол көмір сатушылармен меморандум жасасу үшін әкімдіктерге жолданып, халыққа сатылатын көмір бағасын төмендету жөнінде трейдерлермен жиналыстар өткізілді.

Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде барлық облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері қазіргі таңда тиісті меморандумдарды жасасты. Жалпы, әкімдіктер мен трейдерлер арасында шамамен 90 меморандумға қол қойылды.

«Биылғы қарашадан бастап қол қойылған меморандумдарды іске асыру аясында жылыту маусымының аяғына дейін Шұбаркөл көмірі орта есеппен 15-20%-ға, Қаражыра көмірі 5-10%-ға арзандады», — деп хабарлады министр. Оның айтуынша, еліміздің өңірлерінде халыққа сатылатын көмір бағасы 5%-дан 21%-ға дейін арзандаған.

Халық тұтынатын көмір бағасы келесі өңірлерде арзандады:

  • Ақмола облысында 7 меморандумға қол қойылды, темір жол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2400 теңгеге немесе 17%-ға төмендеді, ал «Қаражыра» көмірінің бағасы 800 теңгеге немесе 5%-ға арзандады;

  • Ақтөбе облысында «Шұбаркөл көмірі» көмірінің бағасы 2500 теңгеге немесе 16%-ға төмендеді, ал «Қаражыра» көмірінің бағасы 1000 теңгеге немесе 6%-ға түскен;

  • Алматы облысында 31 меморандум жасалып, нәтижесінде темір жол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 3100 теңгеге немесе 21%-ға, ал «Қаражыра» көмірінің бағасы 1000 теңгеге немесе 5-6%-ға арзандады;

  • Жамбыл облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2500 теңгеге немесе 17%-ға төмендеді;

  • Қарағанды облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, темір жол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 1700 теңгеге немесе 16%-ға түсті;

  • Қостанай облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл көмірі» бағасы 2950 теңгеге немесе 20%-ға төмендеді;

  • Қызылорда облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2050 теңгеге немесе 14%-ға арзандады;

  • СҚО-да барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірі 2250 теңгеге немесе 16%-ға, Ал «Қаражыра» көмірі 800 теңгеге немесе 5%-ға төмендеді;

  • Түркістан облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл көмірі» бағасы 3000 теңгеге немесе 14%-ға түсті;

  • Астана қаласында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл көмірі» бағасы 3000 теңгеге немесе 16%-ға арзандады;

  • Алматы қаласында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөлдің» темір жол тұйығындағы көмір бағасы 1800 теңгеге немесе 13%-ға, ал «Қаражыра» көмірі 800 теңгеге немесе 6%-ға төмендетілді;

  • Шымкент қаласында барлық меморандумдарға қол қойылды, теміржол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2550 теңгеге немесе 18%-ға түсті.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов электр, көмір, жылу, су, газбен жабдықтау, кәріз, телефон байланысы, интернет, лифттерге қызмет көрсету, қоқыс шығару тарифтерін төмендету жөніндегі шаралар туралы баяндады.

2018 жылдың 12 қарашасынан бастап барлық өңірлерде халықпен кері байланысты жақсарту жұмысы қолға алынды. Нәтижесінде 102 қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауларға тікелей қатыса алмайтын адамдар үшін «жедел желі» телефондары жұмыс істеді.

Еліміздің үш өңірінде жылу тарифтері төмендетілді. Олардың қатарында Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,2%-дан 15,3%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Нәтижесінде халықтың жылумен жабдықтауға кететін қаражатын шамамен 6 млрд теңгеге үнемдейді.

Сумен жабдықтау саласында халық үшін суға арналған тариф Жамбыл облысында 22% төмендетілді. Бұдан өзге, 01.01.2019 бастап қалған 16 өңірде тарифтерді төмендету 3%-дан 27%-ға дейін күтілуде. Су бұру саласында халық үшін тариф Жамбыл облысында 0,4%-ға төмендетілді. Бұдан өзге, 01.01.2019 бастап қалған 16 өңірде тарифтерді 3%-дан 11%-ға дейін төмендету болжанған. Сумен жабдықтау және су бұру қаражатын үнемдеу 2 млрд теңгені құрайды.

11 газдандырылған өңірден халыққа газ бағасын төмендету 9 өңірде 3,3%-дан 17,5%-ға дейін болжанған. Нәтижесінде халықтың газбен жабдықтауға қаражатын үнемдеу шамамен 5 млрд теңгені құрайды.

Халық үшін электр энергиясына арналған баға Жамбыл облысында 3,6% және Қызылорда облысында 4% төмендетілді. Басқа өңірлерде халық үшін бөлшек бағаны болжамдық төмендету 01.01.2019 бастап 1,7%-дан 23% дейін құрайды. Сондай-ақ, заңды тұлағалар үшін электр энергиясына арналған бөлшек бағаларды төмендету сегіз өңірде 1,7%-дан 18% дейінгі аралықта болады деп күтілуде. Жалпы халықтың электрмен жабдықтау саласындағы қызметтер үшін қаражатын үнемдеу 14,5 млрд тенгені құрайды.

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге деген үнемдеу көрсеткіші тарифтерді төмендету қорытындысы бойынша шамамен 28 млрд тг құрайды.

Бұған қоса, облыс әкімдіктері ұсынған ақпаратқа сәйкес, ПИК қызметтері бойынша тарифтерді 2,2-ден 20%-ға дейін, қоқыс шығару бойынша — 2,1%-дан 24,7%-ға дейін, лифт қызметтері бойынша — 3-тен 50%-ға дейін төмендету көзделген.

Орта мерзімді шараларға қатысты айтар болсақ, тариф белгілеу ашықтығын, сондай-ақ монополисттердің тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды орындауын бақылауды күшейту мақсатында Заңнамаға түзетулердің екі топтамасы әзірленді.

Түзетулердің бірінші топтамасы биыл 20 желтоқсанда «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы аясында ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында мақұлданды және жақын арада Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Монополисттерге тексерулер жүргізу тетіктерін нығайтуға және Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізуді талап етуге бағытталған түзетулердің екінші топтамасы биыл 26 желтоқсанда Парламент Мәжілісінің отырысында қаралатын бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған.

Бұдан өзге, Т. Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өзгеруі өткен аптамен салыстырғанда елеулі емес екенін айтты. 21 желтоқсандағы жағдай бойынша негізінен барлық өңірде тауарлардың екі түрі — қырыққабат және қант бойынша шекті мәндердің көтерілуі байқалды. ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, қант бағасының қымбаттауына қатысты объективті себептер бар: оның бағасы қант нарығындағы жалпы әлемдік үрдістердің әсерінен өсіп жатыр. Сонымен қатар, ұлттық экономика министрінің айтуынша, тауарлардың кейбір түрлеріне бағаның өсуінің себептері жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі әлсіз үйлестіру салдарынан туындауда және олар әкімдіктер деңгейінде шешілетін мәселелер. Мәселен, себептері — өндірістің немесе сақтау орындарының болмауы.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барлық қазақстандықтардың Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу қорытындысын сезінуі керек екенін атап өтті. Өңір әкімдеріне Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, келесі жылдың 1 қаңтарына дейін ПИК қызметтерінің тарифтерін төмендету бойынша және әкімдіктің қарауындағы басқа коммуналдық қызметтер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды. 01.01.2019 бастап барлық қызметтердің жеткізушілері бекітілген төмендетілген тарифтерді ұстануы керектігі, сондай-ақ олардың құрылуы халыққа барынша айқын әрі түсінікті болуы керектігі ескерілді.

Бұдан өзге, бірқатар азық-түлік өніміне қатысты бағалар өсімі негізделмегені аталып өтті. Осыған орай, Ұлттық экономика министрлігіне азық-түлік өнімдеріне, соның ішінде көкөніс өнімдеріне баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстау қажет.

Дереккөз: primeminister.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.