Түркістан қаласы Есімхан алаңында Түркістан облысында мемлекет тарапынан қолдау алған тауар өндіруші кәсіпорындар жобаларының көрмесі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков қатысып, облысымызда өндірілген бірегей өнімдермен танысты.
Көрменің мақсаты — өңірдегі тұтыну нарығын дамытып, оларға қолдау көрсету, халық тұтынатын тауарларға демонстрация жасау және оларды сату. Шараға аймақтағы 100-ден астам кәсіпорын қатысды.
Көрме барысында облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков жәрмеңкеге қатысқан ең үздік кәсіпкерлерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, касіпкерлердің жұмысына табыс тіледі.
Көрмеге келушілерге азық-түлік, өнеркәсіптік тауарлардың кең ассортименті ұсынылып, өнерпаздар мен аниматорлардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен бірге, қонақтар арнайы ұйымдастырылған 500 адамға лайықталған палау тағамынан дәм татты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.