• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 17 желтоқсан, 2018 жыл.

18.12.2018
0

— «Елбасы жолы – Астана» еліміздің тұғыры биік мерекесі Тәуелсіздік күніне орай тұсау кесілген отандық фильм көрерменге жол тартты. Ұлт Көшбасшысының елдің еңсесін тіктеп , мәртебесін көтерудегі дара жолын баяндайтын фильм 27 жыл ішіндегі 27 белестің бейнесін шеберлікпен жеткізеді. Еліміздің жүрегі –Астананың бой тіктеуі Тәуелсіз елдің тағдырымен үндесіп, Мемлекет басшысының сенімі мен табандылығы арқасында Қазақстан қарыштап даму жолына қадам басады. Отандық фильмді алғашқы тамашалаушылардың қатарында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та болды.

— «Елбасы жолы – Астана» Отанға деген шынайы сүйіспеншілік пен патриоттық жігер қазақ елін дара  жолмен тура бағытқа жетелейді. Армандардың орындалатынын және Елбасының кез келген адам біле бермейтін өзге де қырын шеберлікпен сомдаған фильм Ордабасылық тұрғындардың да жүрегінен ерекше орын алды.

-Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар барысы бойынша баспасөз жиынын өткізді. Сала мамандарының айтуынша мемлекеттік бюджет жоспары 121,7 млрд тенге болса, нақты 128,9 млрд тенге өндіріліп, жоспар 106 пайызға орындалған. Сонымен бірге департаменттің кеден бекеттерімен жыл басынан бері 14 мың 539 тауарларға арналған декларация рәсімделіп бұл көрсеткіш сәйкес мерзіммен салыстырғанда 38 пайызға өскен.

— Шымкент қаласының аудандарында балалар алаңшаларының саны артуда. Күні кеше мегаполис мэрі Тәуелсіздік күніне орай қос бірдей алаңшаның лентасын қиды. Абай және Қаратау аудандарында ашылған балалар және спорт алаңшаларын қала әкімі тұрғындарға табыстап, күтіп ұстайды деген сенімін білдірді. Пайдаланылуға берілген алаңшалар әр ауданның экономикасын дамытуға бөлінген 300 млн. есебінен салынған. 

— Түркістан облысында ішкі туризмді дамыту мақсатында «Тұран-Экспресс» ЖШС көліктік компаниясы мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, туризм және сыртқы байланыстар, сондай-ақ ішкі саясат басқармаларының ұйымдастыруымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осыған байланысты «Тұран Экспресс» теміржол тасымалдаушы вагондары тіркеліп Алматы қаласынан Түркістан қаласына туристік поезд алғаш рет келді. Алдағы уақытта бұл поезд әр жұма-жексенбі аралығында жүргізу жоспарлануда. Ал алғаш рет келген туристік поездің жолаушылары екі күннің ішінде Түркістан облысының көрікті жерлерін аралайды. Ақпараттық тур Отырар, Сауран қалашықтарына және Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайымен танысуды жоспарлаған.

— Тұғырлы тәуелсіздік мерекесін  Отырар ауданындағы білім ордалары кең көлемде атап өтті. Соның бірі  Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гиназиясының 122 шәкірті жасұлан, жасқыран қоғамдық ұйымына мүшелікке қабылданды. Ал, Темір жалпы орта мектебінің талантты оқушылары патриоттық әндер мен ұлттық өнерімізді насихаттап көпшіліктің қошеметіне ие болды. Білім ордаларында өткен салтанатты шараға аудан әкімі Ерлан Айтахановта қатысып өзінің ізгі ниетін жеткізді.

— Тәуелсіздік күні «Қалалық перинаталды орталықта» 16 нәресте дүние есігін ашты. Олардың алтауы қыз, оны ұл бала. Дәрігерлер ерекше сәйкестікті жақсылықтің белгісі дейді.

— Қазақ үшін қастерлі тәуелсіздік мерекесіне орай, кең көлемде қалааралық семинар өтті. Мақсат бастауыш сынып оқушыларына білім беру сапасын арттыруда, ұстаздардың біліктілігін жетілдіру. Аталмыш семинар сабаққа қала және аудан аумағында орналасқан мектеп мұғалімдері қатысты.

— Ұлтымыз үшін ең қадірлі болған Тәуелсіздік мерекесін Түркістан облысы кең көлемде атап өтуде. Соның бірі – Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Мұсахан Сүлейменовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир ұйымдастырылды. Тартысты додаға көршілес жатқан Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттерінен арнайы спортшылар шақыртылған.

— «Мәңгілік елдің Елордасы» осы тақырыпта «Шымкент медресе» колледжінің қабырғасында ғылыми конференция болып өтті. Астана қаласының 20 жылдығына орай  өткен іс-шараға қала мен аудандарда орналасқан колледж мұғалімдері қатысты.

— Еліміздің әрбір қаласында болуы тиіс «Мәңгілік ел» саябағы, енді Арыс қаласында да бар. Толығымен абаттардырылған саябақ тұрғындарға Егемендік мерекесі қарсаңында тарту етілді. Сондай-ақ, аталған демалыс орнының дәл жанынан «Құрметті азаматтар» аллеясы да қоса бой көтерген. Лентасы қиылған жаңа саябақтар қаланың көрікті жерлерінің санын арттыра түсті.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

  Қазақстан Республикасында жыл сайын балалар арасында 800-ден астам онкологиялық және гематологиялық аурулардың алғашқы жағдайы анықталады, олардың шамамен 600-і қатерлі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.