• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 11 желтоқсан, 2018 жыл.

18.12.2018
0

— Рухани астанада тарихшылар бас қосты. Келелі кездесу барысында Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған  «Histori of Astana» атты кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар, бұл күні Түркістанға Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков арнайы келген. Осы ретте  алғашқы латын әріпімен жазылған Елтаңбаны  Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Болатбек Әбдірәсіловқа тапсырды.

— Мегаполисте Шымкенттің белсенді жастарының форумы өтті. 500-ге жуық жастар қатысады деп жоспарланған шараға қатысқандар 700-ге жетті. Елге белгілі кәсіпкерлер мен спикерлер сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті. «Профессионал» жобасын іске асыру үшін Шымкент қаласының ТОП-5 компанияларымен меморандум түзілді.

— Түркістан облыс орталығы болғалы  тұңғыш рет «Көк тудың желбірегені» атты республикалық аламан айтыс ұйымдастырылды. Сүбелі сөз айтып жыр додасын қыздыратын ақындардың басын қосатын бұл жарыс бұған дейін Шымкент қаласында 3 рет өткізілген.  Ұлттық өнерді насихаттауға арналған дәстүрлі шарада 10 жас ақын бақтарын сынады. Қарсыластан оза шауып сөз маржанын теріп айтқан айтыскерлер қомақты қаржыға ие болды.

— Түлкібас ауданында халықтық кеңсенің таныстырлымы өтті. Аталған орталық Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында бір терезе жүйесімен халыққа ашық және қолжетімді қызмет түрлерін көрсететін болады. Кеңседе аудан әкімдігі тарапынан 8 бөлімнің мамандары орналасқан. Бұл жоба жергілікті  тұрғындардың мәселесін әділ әрі дер кезінде шешуге мүмкіндік бермек.

— Егеменді мемлекет болып жарияланғанымызға биыл 27 жыл. Айтулы мерекені атап өтуді тәуелсіз ұрпақ бастап кетті. Солардың бірі достығы жарасқан Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті. Білім ордасы Тәуелсіздіктің бастау алатын кезеңдерінен көріністер қойып, кең көлемде іс-шара өткізуде.

— Биыл егемен еліміздің еңсе тіктеп тәуелсіз ел болғанына 27 жыл толып отыр. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы Қаратау аудандық филиалының Сайрам бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында мерекелік іс шара өтті. Сайрам тұрғын-үй алабында орналасқан бірқатар білім беру мекемелерінің ат салысуымен өткен шара барысында жиналған көпшілікке арнап концерттік бағдарламалар ұсынылса, мерекеге орай бірқатар азаматтар көшбасшы партия филиалының арнайы алғыс хаттарына ие болды.

— Шымкенттік гимнастшылар Дубайдан жеңіспен оралды. Әлия Юсупова атындағы көркем гимнастика мектебінің бүлдіршіндері «ДуГамКап-2018» халықаралық турнирінде жоғарғы нәтиже көрсеткен. Жас жеңімпаздар бүгін Шымкент аэропортына қонып, туған жерге оралды. Қазақстанның атын әлемнің алпауыт 18 мемлекетіне танытқан 10 бірдей бүлдіршіндер 400 үміткердің арасынан топ жарған. 6 және 8 желтоқсан аралығында өткен халықаралық сайыста Диана Ералы көркем гимнастикадан 1-ші орын алып, жеке қоржынына алтын және қола медаль салған. Одан бөлек, басқа да жас гимнастшылар Дубайдан 2 алтын, 8 қола медальмен оралды.

— Бәйдібек ауданының балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндерді жан-жақты етіп дамытудың жаңа әдістерін қолдануда. Ол үшін аудан арасында семинарлар өткізіп, біліктіліктерін арттырмақ. Бұл жолы «Айсұлу» бөбекжайында өткен семинардың ерекшелігі балаларға жыл мезгілдерінің байлықтары жайында сабақ өтіп, өзге мектепке дейінгі мекемелер қатысты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.