2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Арыс қаласының бюджеті 1 млрд. 186 млн. теңгеге жеткен. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121 пайызға немесе 203 млн. теңгеге артық орындалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінің көшпелі брифингі аясында өткен баспасөз жиынында қала әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді.
Оның сөзінше, өнеркәсіп саласында өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 25 млрд. 367 млн. теңгені құраған. 2017 жылдың тиісті кезеңімен 22 млрд. 246 млн. теңге болғанын ескерсек, 114 пайызға артқанын аңғаруға болады.
«Арыс қаласында 10 айдың қорытындысы бойынша «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау» картасы аясында 250 млн. теңгелік 1 жоба іске қосылып, жаңадан 50 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда жылына 18 млн. лирт миниралды және басқа да алкогольсіз сусындар шығаруға қауқарлы «Арыс минералды су» ЖШС құрылды. Одан бөлек, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс құны 245 млн. теңгелік 4 жоба іске қосылып, нәтижесінде 85 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта құрылыс материалдарын өндіретін өндірісорындарын қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, шетелдік және жергілікті компаниялар бірлесіп, жылына 12 мың дана толық циклды вагондар шығаратын зауыт іске қосылады», – деді қала басшысы.
Қалада 12 млрд. 521 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 93,6 пайызды құрады. Биыл 22900 гектарға егіс егу жоспарланса, 27676 гектарға дән себіліп жоспар 120,9 пайызға орындалған. Сондай-ақ, биыл 6 гектар жерге жылыжай салу керек болса, 6,1 гектар жерге жылыжай салынып жоспар артығымен орындалған.
Жыл басыан бері Арыс қаласына тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. 108 млн. теңгені құраған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 107 млн. теңгеге артық.
Ағымдағы жылдың қазан айында Қожатоғай ауылдық округінде «KazGreenTekSolar» серіктестігі француздық компаниямен бірлесіп, 30 гектар жерге құны 7 млрд. теңгелік қуаттылығы 14 мВт болатын күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін станцияның құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұсынысы негізінде қуаттылығы 50 мВт-ты құрайтын күн сәулесінен қуат өндіретін станция салынатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.