Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қағидаларын бекіту туралы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сәйкес ШЖҚ «Төлеби аудандық ауруханасы» МКК-ның қабылдау және жансақтау бөлімі ауруларды қабылдауға ыңғайлы, ауруларға жайлы орынға көшірілді. Қабылдау бөлімі кіші ота бөлмесі, экспресс лаборатория, шұғыл диагностикалық бөлмесі (УДЗ, жылжымалы рентген аппараты, ФГДС), науқастарды саралауға ыңғайландырып 3 көп функионалды кереует орнатылды және балаларды қарау бөлмесі де ашылды. Науқастарды «триаж» системасына сәйкес жоспарлы қабылдайтын және шұғыл түрде қабылдайтын посттар ашылды. Жүкті әйелдерді қарау, шұғыл түрде босандыру бөлмесі және аса қауіпті инфекцияға күдікті науқастарды саралау бөлмесі де ашылды. Қабылдау және жансақтау бөлімдері жаңадан заманауи үлгідегі ортақтандырылған оттегімен тыныс алу жүйесімен жабдықталды. Ауруларды қабылдайтын медициналық автокөлікке арналған шатырлы пандусты-эстакадалық жол жаңадан салынды.
Емханаға келген науқастар кезегін куту үшін арнайы зал ашылып, электронды мониторлар мен дауысты хабарлағыштар және жайлы орындықтармен жабдықталды. Тіркеу бөліміне келген науқастар мен медициналық қызметкерлер арасында барьерсіз қабылдауға жағдай жасалды.
«Айғақ-ақпарат»