Елімізде ұлық мерекелердің бірі болып саналатын Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекеттік награда «Парасат» орденімен Иманғалиев Нұртілеу Иманғалиұлы марапатталды. Еліміздің мәдени-әлеуметтік дамуына өлшеусіз үлес қосып, қажырлы еңбек етіп жүрген ел ағасы 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында өмірге келген. Ғұмырының 35 жылын телевизияға арнаған Нұртілеу Иманғалиұлы қазақ телевизиясының қаламы қарынды тілшісі, редактор, аға редактор, коментатор, бас редактор, саяси шолушы және «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып қызметтер атқарған. Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметінде болған. Тележурналистика да өзіндік айнымас орны бар тұлға бүгінде Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, Қазақстан журналисттер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақ ұлттық өнер академиясының Құрметті профессоры, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, «Қазақстан ақпарат саласының үздігі» атағы, Елбасының Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанған.
Қазақтың жас журналистеріне өнегесімен өзіндік стилімен үлгі бола білген ел ағасының Жоғары мемлекеттік награда иегері атануымен құттықтаймыз. Алдағы уақытта көзі ашық, рухы биік жастарды тәрбиелеуде, Қазақстанның қарыштап дамуы жолында талмай қызмет ете беріңіз. Әрдайым ел алдындағы мерейіңіз үстем, абыройыңыз биіу болсын!
«Айғақ-ақпарат».