• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Ақпан 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Отырарда «Арыс жағалауы» саябағы ашылды

14.12.2018
0

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір елдімекенінде «Арыс жағалауы» саябағы және Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориалды кешен ашылды.  Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев пен  Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен батыр С.Әшіровтың жұбайы әже қатысып, лентасын қиды. Отырар ауданын Сырдария мен Арыс өзені кесіп өтеді. Қазақ ақындарының жырына арқау, композиторлардың шабытын қозғап әнге айналған қос өзен отырарлықтардың мақтанышы. Шәуілдірді аралап өтіп, Дарияға құятын Арыс өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысы аяқталып, тұрғындардың демалыс аймағына айналды.-«Бүгін біз 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты түрде ашып тырған мемориалдық кешен – қан майданда толарсақтан саз кезкен майдаргерлерге құрмет деп білеміз. Өткенімізге шегініп қарайтын болсақ, 1945 жылы адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Сол бір сұрапыл жылдарда 3000-нан астам отырарлықтар майдан даласына аттанып, 2466 боздақ туған жерге оралмады. Олардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Ал елге аман есен оралған кешегі майдангер, бүгінгі ардагерлеріміз еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етудің өнегесін көрсете алды. Олай болса, олардың біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы  теңдессіз ерліктері мен табандылықтары, ерен еңбектері ғасырлар бойы жасай береді.  Бұл күндері сол ескірмес естеліктер, көзі тірі ардагер – ақсақалдардың жүрегін мазаласа, сұм соғыс салған қанды қырғын жайлы тек ардагерлер аузынан естіп білген кейінгі жастардың да жанын толқытады. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік мыңдаған қазақстандықтардың тұла бойынан жалындап тұрды. Бүгінгі ардагер – кешегі жауынгер. Ол кезде небәрі 19-20 жастағы азаматтар ата-бабасының батылдығын, батырлығын, ержүректігін бойына сіңіріп өскен қазақ жауынгерлері, батыр ағаларымыз, жастығына қарамай бір қиырда жан алысып, жан берісіп, кескілескен ұрыстарға қатысып, керемет ерліктер жасады. Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен және бүгінгі тарихи нысандардың ашылуымен құттықтаймын!»-деді облыс әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев.

Нысанның мақсаты — өзен жағалауын судың бұзуынан сақтау, әрі жаяу жүргіншілер серуендейтін саябақ орната отырып аудан тұрғындары жадына мәңгілік тарихи тұлғалар бейнесін дәріптеу болып табылады.

-«Арыс жағалауы» саябағы төрінде отырарлық қос қаһарман, Кеңес Одағының батырлары Сейітқасым Әшіров пен Темірбек Ибрагимовтардың ат үстіндегі ескерткіштері орнатылған. Ал ескерткішті айнала екінші дүниежүзілік соғысына аттанған 3866 отырарлық  майдангердің есімдері мәрмәр тақтаға ойылып жазылған. Қос батырдың бірі жаяу әскер қатарында, екіншісі барлаушы болып майданға кірген. Ескерткіштегі батырлардың ат үстінде жасалу себебі, ержүрек бабаларымыз ғасырлар бойы сыртқы жауына ат үстінде жүріп тойтарыс беріп елін, жерін қорғаған. Отырарлық қос батырымыз ұлы бабалардың ұрпағы, әрі заңды жалғасы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласында да атқа міну мәдениеті туралы айрықша сөзі бар. Жау жүрек бабалар біздің мақтанышымыз, ұрпақтың мақтанышы. Олардың есімдері мәңгілік ел есінде сақтала бермек»-деді аудан әкімі Ерлан Айтаханов.
Салтанатты жиыннан соң Отан үшін от кешіп, құрбан болған боздақтарға арнап ас беріліп, Құран бағышталды.

 Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«1 БАЛЛ — 7000 ТЕҢГЕ»: АҚТӨБЕДЕ МҰҒАЛІМ ҰБТ ҰПАЙЫН САТҚАН

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан...

31 қаңтар — ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары мен жақындарына арналған «Ашық есік» күні өтеді. Іс-шара барысында...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҰҒЫМЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ДЕП ӨЗГЕРТІЛДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституция мәтінінде республикалық референдум ұғымы жалпыхалықтық референдум деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: 11 БӨЛІМ, 95 БАПТАН ТҰРАДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралды. Жобаны әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.