• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Қысқартуға ұшыраған жағдайда нені білу керек — Қызметкердің құқығы мен өтемақылар

11.12.2018
0
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі ірі кәсіпорындар мен компанияларда ай сайын орташа есеппен 50 мыңға жуық адам жұмыста қысқартуға ұшырайды. Бұған көбіне штатты қысқарту деген себеп айтылған екен. Осы ретте «Жұмыс берушінің шешімі қаншалықты заңды және заң бойынша сіздің қандай құқығыңыз бар? Жұмыстан қысқартылған жағдайда өтемақы беріле ме?» деген сұрақтар туындайды.
Мұндай жағдайдан ешкім сақтанбаған, сондықтан Tengrinews.kz еңбек құқығы жөніндегі заңгер Асқар Есімбекұлынан басшылықтың жұмыстан қысқартуға қандай себептері болуы мүмкін және ол жағдайда қандай өтемақы берілуі тиіс екені, сондай-ақ, қай санаттағы адамдарды жұмыстан еш жағдайда қысқартуға ұшырамайтынын түсіндіріп берді.
Заңгердің айтуынша, жұмыс берушінің еңбек шартын бұзуына көбіне штаттың немесе қызметкерлердің cанын қысқартуы себеп болуы мүмкін. Айтуынша, бұл туралы басшылық алдын ала ескертуі тиіс.
Бұдан бөлек, Әділет министрлігінің сайтында аттестаттаудағы білігінің жеткіліксіздігі салдарынан, сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі теріс болған немесе қызметкер белгісіз себептермен бір айдан аса жұмыста болмаған жағдайларда еңбек шарты бұзылуы мүмкін екені айтылады.
Бір ай бұрын жазбаша түрде хабарлау керек
ҚР Еңбек кодексінің 53-бабына («Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі») сәйкес, еңбек келісімшарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылса, ол жұмыскерге бір ай бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Еңбек немесе ұжымдық шартта бір айдан көп мерзім көрсетілмесе, жұмыс беруші міндетті түрде бір ай бұрын ескертуі тиіс. Сосын ғана қызметкердің жазбаша келісімі беріліп, еңбек шарты тоқтатылады.
Ол құжатта не көрсетілуі тиіс?
Заңгердің айтуынша, жұмыс берушінің актісінде бірінші кезекте міндетті түрде ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек келісімшартының бұзылуының нақты себебі көрсетілуі тиіс.
Кейіннен басшылық еңбек келісімшартын бұзу актісіне қол қойған соң ол құжаттың көшірмесі қызметкерге беріледі немесе акт шыққан соң үшл күн ішінде хат ретінде жіберілуі керек.
Заң бойынша кімдер қысқартуға ұшырамайды?
Осы ретте маман заң бойынша қай санаттағы адамдарды еш жағдайға қысқартуға болмайтынын тізбектеп берді:
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша мына санаттағы адамдармен еңбек шарты бұзылмайды:
— жүкті әйелдермен;
— үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен;
— он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен;
— аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен ғана бұзуға жол берілмейді.
Сондай-ақ, заңгердің айтуынша, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң бойынша, зейнетке шығуына кем дегенде екі жыл уақыт қалған қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға рұқсат жоқ.
Қандай өтемақы беріледі?
Еңбек кодексінің 131-бабына сәйкес («Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері»), еңбек шартын жұмыс беруші бұзса, бір айлық орташа жалақы көлемінде жұмысынан айырылу себебіне байланысты өтемақы төленуі тиіс.
Сонымен қатар, қызметкер пайдаланбаған демалыс күндері үшін де өтемақы ала алатыны айтылады.
Қызметкер жұмыстан айырылған жағдайда өтемақы төлемдері мынандай жағдайларға байланысты беріледі екен.
— Бірінші жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;
— екіншісі жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде қызметкерге міндетті түрде өтемақы төленеді;
— үшінші жағдайда жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін ала алады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.