• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 6 желтоқсан, 2018 жыл

08.12.2018
0

— 6 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына іс-сапармен барды.

— 6 желтоқсан күні «Қазақстан ұлттық арнасы» және «Қазақстан» баспасөз клубының ұйымдастыруымен «Қазақ интернетінде контент жасаушылардың ІІІ форумы» Астана төрінде өтті. Форум ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың алғы сөзінен бастау алды. Ол өз сөзінде бүгінде электрондық нұсқадағы қазақ тілді аудиторияға арналған сайттар мен әлеуметтік желілер күннен күнге көбейіп келе жатқандығын, бұл өз кезегінде қазақ тілінің мәртебесін көтеретіндігін айтып өтті. Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын насихаттауда қосып отырған қомақты үлесі үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, форум төрт бөлімнен тұрады. Басқосу, контент, басқарудың заманауи технологиялары, «Ақылды журналистика: шынайылықтың медиалануы, хайп-мәдениет феномені және келешек трендтерге шолу» тақырыптары. Соның бірі «Ақылды журналистика: шынайылықтың медиалануы» Мұнда веб-аналитика құралдары қолдану тәсілдері, «Chartbeat» сервисінің тұсаукесері, технологиялар, құралдар және монетизациялау үлгілері, дәстүрлі басқару жүйелеріне балама, қажетті тапсырмаларды орындау үшін пайдаланатын құралдар мен өңдеу әдістері, Big Data және автоматтандырылған журналистика, жаңалықтар саласында жасанды интеллектіні қолдану тақырыптары тереңірек қозғалып жақсы пікірталасқа ұласты. Яғни, бүгінде аудиторияның бағындыруда дұрыс әрі сапалы контент құрып, сол арқылы бәсекелестікке төтеп беру сөз болды.

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «High Vill Kazakhstan» ЖШС-нің Бас директоры Канг Джон Дэмен кездесті. Басқосуда тараптар облыс орталығында тұрғын үй кешенін салу мәселесін талқылады. Кездесуде аймақ басшысы Түркістан қаласының дамуы Елбасының ерекше назарында екенін және мұнда құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігер компанияларға әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін айтты. Өз кезегінде Канг Джон Дэ тұрғын үй кешенін салу үшін жер учаскесі анықталса, құрылысты бастап кетуге дайын екенін жеткізді. «Біз 5-10 гектар аумаққа жаңа заманауи кешен салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба облыс орталығының жаңа келбетіне көрік беретін болады. Жуық арада барлық құжаттаманы әзірлеп, құрылыс жұмыстарына кірісеміз»,- деді «High Vill Kazakhstan» ЖШС-нің Бас директоры.

— Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясына сәйкес Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің 6 желтоқсан 1991 жылы қаулысымен еліміздің тәуелсіз прокуратура органдары құрылған болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланып, жыл сайын атап өту белгіленген.

—  «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы Ресей Федерациясының құрамындағы қазақтың тұңғыш астанасы Орынбор қаласында іс-сапармен болды. Тарихи астанада түсірілім жұмыстарын жүргізудің негізгі мақсаты – Орынбор шаһары туралы және онда білім алған алаштың қайраткерлерлері жөнінде деректі фильм түсіру. Ізденістен талмаған ұжым қызықты ақпараттарға кезікті. Соның бірі — күй атасы Құрманғазының «Балбырауын» күйінің шығу тарихы.

— Түркістан облыстық сот судьялары баспасөз мәслихатын өткізді. Аймақтың тілшілері басқосқан жиында «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы аясындағы Пилоттық жобаларды халыққа кеңінен түсіндірді. Сонмен қатар, халықтың сотқа дегенім сенімін арттыруды көздейді.  Жоғарғы сот енгізген  пилоттық жоба 2019 жылы барлық өңірде толығымен іске қосылатын болады.

— Шымкент қаласында, «Нұр Отан» партиясы филиалы  жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мәжілісі болып өтті.  Онда, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген тың жобалар кеңінен айтылып, талқыға түсті. Тарихымыз бен дәстүрімізді тағы бір ресми турде парақтаған жиынға, Түркістан облысындағы белді оқу орындарының тәлімгерлерімен бірге бірқатар зиялы қауым өкілдері  қатысып, баяндама тізді.

— Елбасы 5 қазандағы халыққа арнаған жолдауында «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек» — деп тапсырған болатын. Қазақсанда жалпы 458 155 балабақша бар. Ал Ордабасы ауданындағы «Шырайлым» балабақшасы сапа жағынан Қазақстан бойынша алпыс үшінші күміс орынды иемденіпті.

— Арыс қалалық білім бөліміне қарасты №3 Қызылкөпір жалпы орта мектебінде 170-ке жуық бала білім алуда . 4 ай бұрын жүйелі түрде жұмысын бастаған оқу ордасы біршама жетістіктерге жетіп отыр. Яғни балалардың сапалы білім алуы үшін жаңадан IT, лингафон сыныптары ашылып оқушыларда білім биігінен көріне бастады.

— Түлкібас ауданында орналасқан,  «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің жанынан жаңа баспахана ашылды. Жаңа орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрбол  Тұрашбеков және журналистика саласында қалам тербеп жүрген әріптестер қатысты. Салтанатты жиынға қатысқан қонақтар, аудандық жерде алғаш рет ашылған баспахананың жұмысымен танысып, өзіндік бағасын берді.

— «Мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын ендіру». Аталған тақырып аясында Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Кәсіпқор» Холдингтің» ұйымдастыруымен семинар өтуде. Кездесуге Түркістан облыстық білім басқармасының өкілдері және өзгке қалаларданда педагог мамандар келіп  пікір алмасты.

— Шымкент қаласында орналасқан №3 балалар үйі жуырда құрылымдық өзгерістерге байланысты қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қарауына өтті. Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 60 бала тәрбиеленіп жатқан мекеменің басты мақсаты жасөспірімдерге сапалы білім және саналы тәрбие беру болып табылады. Міне осы мақсатты жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс жасап  келе жатқан мекеме тәрбиеленушілерінің жеткен жетістіктері де аз емес.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.