• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Түркістанда Яссауи музейі салынбақ

30.11.2018
0

Бүгін Президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешевтің төрағалығымен Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі  селекторлық жиын өтті. Онда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының мақаласында айтылған міндеттерді орындауға байланысты өңірде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы уақытта іске асырылатын жобалармен таныстырды.

«Мемлекет басшысының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты тарихи мақаласы ел санасына қозғау салған, «Мәңгілік Ел» болу жолындағы ұлы міндеттерді айқындап берген, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы, әрі елді биік мақсаттарға жетелейтін маңызды құжат. Осы құнды Бағдарламадағы тапсырмаларды орындау мақсатында Түркістан облысында бірқатар жұмыстар қолға алынып, қарқынды жүзеге асырылуда. Мәселен, атбегілікті, аңшылықты, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында облыста арнайы фестивальдер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, «Қызыл кітапқа» енген, яғни айрықша қорғауды қажет ететін қызғалдақ гүлін қорғау және сол аймақтың туристік әлеуетін көтеру мақсатында халықаралық «Қызғалдақ» шарасы қолға алынды. Елбасымыздың айтулы мақаласының «Түркі әлемінің бесігі» деп аталатын бөлімінде Түркістан қаласында туған Яссауи бабамыз бен Отырардан түлеп ұшқан Әл-Фараби ғұлама туралы да айтылды. Бұл бағытта да тарихи тұлғалар мен көне қалаларды насихаттау үшін анимациялық фильмдер мен телехикаялар түсірілді. Алдағы уақытта қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жаңаша жобаларды қолға алуды жоспарлап отырмыз», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі 2019 жылы Түркістан облысында «Сәйгүліктер» фестивалі ұйымдастырылатынын айтты. Ұлттық кодты жаңғырту мақсатында өткізілетін шара аясында ұлттық ат спорт ойындары: теңге алу, аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, сәйгүліктер шеруі, сондай-ақ ат әбзелдері, аттылы жауынгерлердің киімі мен қару-жарақтарына арналған көрмелер, жылқы малына байланысты жыр мүшәйрасы, жыршылар мен термешілер байқауы өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, «Шығыс базары» атты фестиваль өткізу жоспарға қойылған. Ондағы мақсат қола, мыс, темір, күміс, алтыннан жасалған әшекей бұйымдар, тұрмыстық заттар мен қару-жарақтардың жәрмеңкесі өткізу арқылы қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтың бірі екенін паш ету.

Одан бөлек, Қ.А.Яссауидің тарихи болмысын жаһанға өз деңгейінде толық танытып, насихаттау мақсатында бірқатар шаруалар атқарылмақ. Атап айтқанда, Елбасы тапсырмасы бойынша, жаңа Түркістанда Яссауи музейі салынбақ. Бұл мұражайда ғұлама мен оның шет мемлекеттердегі шәкірттерінің еңбектері қойылады. Яғни, Яссауи феноменін жоғарылатып, атын асқақтату арқылы ғылымды ғана емес, туризмді де дамыту мүмкіндігі ашыла түседі. Сондай-ақ, Түркістан қаласында әлемнің түкпір-түкпірінде Яссауи бабаның ғылыми мұрасын зерттеп жүрген яссауитанушылардың басын қосып, халықаралық конференция өткізу межеленген. Яссауи мұралары кешенді түрде зерттеліп, деректі және көркем фильмдер түсіріледі.

Атқарылған жұмыстар мен жоспарға қаныққан Әсет Өрентайұлы шаруаны ширата түсіп, кестеге сай жұмыс істеуді тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Seitzhan School – сапалы білім берумен қатар, оқушының жан-жақты дамуына басымдық беретін заманауи мектеп. Бүгінде 1000 орындық...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Үшінші мегаполисте ұстаздардың дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК – ЗАҢДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Өрт қауіпсіздігінің сақшысы – Сүйінбай Баратов республикалық байқауда үздік үштіктен көрінді Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек қызмет емес, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.