• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ЯССАУИ ХИКМЕТТЕРІ МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОРЫНДАЛАДЫ

29.11.2018
0

Астана қаласының «Астана» концерт залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Астана қаласы мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Қожа Ахмет Ясауидің хикметтеріне қалам тартқан елге белгілі ағайынды композиторлар Серікжан және Әліби Әбдінұровтардың «Әзірет қонған Түркістан» концерті және Яссауи жайлы көрме өтеді.
Концертке Астана қаласы мемлекеттік филармониясының академиялық симфониялық оркестрі, камералық хоры, жеке орындаушылар және Павлодар қаласынан арнайы келген вокалдық квинтет (әншілер тобы) қатысады.
«Хикметтер» симфониялық дастаны ұлы бабамыздың «Диуани хикмет» кітабын оқу барысында туған толғаныстарда және «Мәңгілік» дауыс пен симфониялық оркестрге арналған шығармада сазгер Яссауи ілімінің рухани маңыздылығына, тереңдігіне көңіл бөлінген. «Уа, жаратқан» дауыс пен оркестрге арналған романста Жаратқанның хақ екендігін, күнәларының кешуін, жауапты күннің келетіндігі туралы толғанса, «Қожа Ахмет Яссауи» туындысы ақын және симфониялық оркестрге арналған. Бейт-симфонияда автор жеке орындаушы ретінде ақынды таңдады. Себебі ол ұлы бабаның өз бейнесі іспеттес. Тыңдармандарға ұлы ұстаз, ақын өзі тіл қатып, хикметтерін халқына өзі оқып тұрғандай әсер береді.
Қазақстанда алғашқы рет кәсіби музыка тілімен насихаттайтын, хикметтерімен таныстыратын шығармашылық кеш —  Қожа Ахмет Яссауидің  соңында қалған телегей-теңіз рухани мұрасын насихаттауды мақсат тұтады.
Кеште  Қ.А.Яссауидің хикметтеріне жазылған көптеген шығармалар орындалады. Олардың қатарында дәстүрлі әншілердің орындауында — «Ей, сопы», «Расулдың ризалығы», Павлодар қаласынан келген вокалдық квинтеттің орындауында — «Салауат», «Аш, ей момын көзіңді»,  қылқобызбен — «Диуани хикмет», баянмен — «Арыстанбаб», «Абыз», скрипка аспаптарымен — «Күй-толғау», дауыс және оркестрмен — «Уа, жаратқан», «Мәңгілік», оркестрмен — «Сүйінші», «Балбал», дауыс, флейта және хормен — «Яссы», симфониялық дастан — «Хикметтер», ақын және симфониялық оркестрмен — «Қожа Ахмет Яссауи» шығармалары орындалады.
Қазақстан композиторлық мектебінде  рухани тақырыпқа  алғаш рет қалам тартқан ағайынды композиторлар Түркістан облысының тумалары. Қасиетті Түркістан, Отырар топырағынан нәр алып, саналы шығармашылық жолында Қожа Ахмет Яссауидің рухани ілімін  басты тақырып етіп таңдаған.
Сонымен қатар, Астана концерт залының фойесінде  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елбасы және Түркістан» тақырыбында көрме келушілерге қызмет көрсетеді. Үш бөлімге топтастырылған көрме экспозициясына қорық-музей қорынан  60-тан астам жәдігер қойылады.  Көрменің бірінші бөлімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1985 жылы Қазақ ССР Министрлер кабинетінің басшысы, егеменді, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұсындағы, бауырлас Түркия Республикасының Президенттері Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Реджеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовпен, 2018 жылғы Түркістандағы ресми сапарларынан сыр шертетін фотосуреттері экспозициядан орын тебеді.
Көрменің екінші бөлімінде әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Яссауи мұрасына   арналады. Қожа Ахмет Яссауидің артында қалған баға жетпес мұралары ХVІІІ ғасырға тән «Диуани хикмет» кітабының қолжазба және баспа нұсқалары, ХІХ ғасырда қайта көшірілген «Рисоллә дәр адаби тариқат», «Насабнама» шежіресі, ұлы тұлғаның шәкірттері С.Бақырғанидің «Диуан» қолжазба еңбегі, Шейх Худайдад Таш-Мухаммед әл-Бухаридің «Бустан уль Мухиббиннің» түркі тілінде жазылған қолжазба еңбегі, Ә.Науаидің «Ғазалдары», Софы Аллаярдың «Муслик ал-Муттакин», «Әулиенің өсиеттері» еңбегі, Қожа Хафиздің «Диуаны», Имам Мағрудидің «Қиссалары», Әулие Биделдің «Диуан» еңбектері қойылады.
Көрменің үшінші бөлімінде Түркістан өңіріндегі киелі орындар мен тарихи ескерткіштер жайында фотосуреттер  көпшілік назарына ұсынылады.
Аталмыш шаралар  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылуда.
Айта кетсек, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен күні кеше ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі Ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына ел тағы да бір мәрте қанықты. Ұлы даланың ұлы есімдерін халық жадында мәңгі сақтау  арқылы ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасы мен ілімін халық санасында жаңғыртып қана қоймай, қарға тамырлы қазақтың ғана емес түбі түркі дүниесінің рухани тарихының жаңа беттерін тануға жол ашылды деуге толық негіз бар.
Түркістанның рухани орталыққа және облыстық мәртебеге ие болуы Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты екендігі белгілі. Өз заманында-ақ халықтың ерекше ілтипатына ие болып, «Әулиелер Сұлтаны» атанған, кейінгі ұрпақтың да руханият әлеміндегі бағдарын айқындауда жетекші рөл атқарған Қожа Ахмет Ясауи артына баға жетпес байлық, өшпес мұра қалдырды. Ауызбірлігіне сызат түспей, қандай қиын қыстау жағдайда ниет біріктіре алған қазақ халқының тұтастығы Ясауи сілтеген татулық, мейірімділік жолынан бастау алады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Түркістаннан тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған Қожа Ахмет Яссауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» — деуі Әзіреті Сұлтанның рухани тұлғасын айқындай түседі.
Арыстанбабтың Отырардағы кесенесі мен Қожа Ахмет Ясауидің Түркістандағы кесенелері – қазақтың ұлттық руханиятының аса маңызды орталықтары. Ата жолын ардақтаған әулие бабаларымыз да «Хақ Расулдың сүннетін, Қожа Ахметтің міндетін – өшіре көрме жүректен!»  деп біздерге аманаттайды.
Қожа Ахмет Яссауи жалпы түріктік мәдени және дүниетанымдық кеңістіктегі ішкі тұтастықты қалыптап, исламдық құндылықтарға негізделген философиялық-этикалық ар-ождан ілімін жүйелеген рухани тұлға.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.