Шымкентте Қажымұқан атындағы стадионды қайта жөндеу жұмыстарына 44 миллион еуро жұмсалады, деп мәлімдеді Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов.
«Бізде Қажымұқан атындағы үлкен стадион бар. 2019-2020 жылдары қайта жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, спорттық ойындар өткізу үшін. 1,5 жыл бойы Словакияның компаниясымен бірге стадионға қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайынбыз. Салынатын инвестиция көлемі шамамен 44 млн еуро. Біз оны жасаймыз», — деп мәлім етті Г. Әбдірахымов сейсенбіде орталық коммуникация қызметінің брифингінде.
Ол еске салғандай, 2018 жылы жергілікті «Ордабасы» футбол командасы Еуропа лигасына өткен.
«Біз қазір соған дайындалып жатырмыз. 2020 жылы біз УЕФА класы бойынша стадионның қайта жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз Біз Еуропа Лигасына өттік, енді еуропалық командалар бізге Шымкентке келеді, бідің футбол жанкүйерлеріміз қарайтын болады. Бірақ мен ол жерде бокс, жекпе-жек, ММА болатындай көпқызметті арена жасағанды жөн көрдім. Себебі бізде оңтүстікте мұны қатты жақсы көреді және бұл сұранысқа ие», -деп атап өтті Шымкент әкімі.
1 еуро = Т425.
ҚазТАГ.