Сайрам ауданының əкімі Бақтияр Мамаев 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз жиынын өткізді.
Аудан басшысының айтуынша өнеркəсіп саласында 10 айда 33,6 млрд тенгенің өнімі өндіріліп, даму концепциясына сəйкес жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 37,8 млрд тенгені құрайды деп жоспарланып отыр. Нəтижесінде облыс денгейіндегі өнеркəсіп өнімдерінің өндірісі бойынша Сайрам ауданы 2 орынға ие.
Ауыл шаруашылығы бойынша да былтырғы жылмен салыстырғанда едəуір өсім бар. Айталық ағымдағы жылдың 10 айында бұл салада 53,3 млрд тенгенің өнімі өндірілсе, жалпы көлемі 52,3 мың гектар жерге егістік егілген.
Облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «Агрофест-2018» фестивалінде Сайрам ауданы ет өндіру бойынша жəне мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаудан аудан қалалар арасында 1-ші орынға ие болған. Сонымен бірге, аграрлық саладағы индикаторлық көрсеткіштерді орындау бойынша 3-ші орынға қол жеткізіп отыр.
Бүгінгі таңда аудан бойынша 42 елді мекеннің 41-і немесе 97,6 пайызы орталықтандырылған ауызсу құбырымен қамтамасыз етілген.
Абай Омар.