• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Желтоқсан 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ОТЫРАРДА ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ШАРА

27.11.2018
0

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының аудан, қалаларында ұйымдастырылып жатқан  «Дәстүрлі құндылықтар керуені»  мәдени-рухани көшпелі жиыны Отырар ауданында жалғасын тапты.
Тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу және мемлекет пен дін арасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты жан-жақты ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған кездесуге насихаттық топ мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері мен мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.
Жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, Елбасымыздың жуырда ғана жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен дәстүрлі Жолдаулары жөнінде баяндады.
— «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» деп көрсеткен Ұлт Көшбасшысының терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласы қалың бұқараны ерекше серпілтіп тастады. Тылсым тарихтың жеті қыры өткенімізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зерделеуге, оның күрмеулі түйінін шешуге жол ашты, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, тура жолға бастаған дінімізді, ділімізді, мәдениетімізді құрметпен қарауға шақырды.  Ұлы даламыздың ғаламат мәдениеті мен дініне, руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Қожа Ахмет Ясауи, оның ұстазы Арыстанбаб бабаларымыздың  ізгі жолынан бүгінгі ұрпақ адаспауы тиіс.
Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз мемлекетіміз тұрақтылық пен тыныштықты, діни өзара түсіністік пен татулықты ту етіп, бағдарлы болашаққа қадам басып келеді»,- деді аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы.
Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі дініміз жөнінде арнайы дайындалған бейнероликті тамашалаған жиынға қатысушылар дін, мәдениет жайлы ақпараттар алмасып, пікір бөлісті.
Шара барысында діни ағым жетегіне ермеу, тарихи құндылықтарға құрметпен қарау, отбасы татулығы мен баянды болашағы, ұрпақ тәрбиесі жөнінде кеңінен сөз болып, қариялар да өз ақылдары мен ойларын бүкпесіз ортаға салды.Бүгінгі таңда бақытты отбасын сақтап қалу ең бірінші кезекте жас жұбайлардың тәрбиесі мен саналы жауапкершілігіне тікелей байланысты болса, ақылды, санасы сергек ұрпақ өсіріп жетілдіру де еліміздің кемелді келешегі үшін ең басты үлес екендігі де айтылды.Отырыс барысында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Мәди Әбзелбекұлы, Отырар аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мырзахмет Темірбековтер бабалардан мирас болып қалған дәстүрлі құндылықтар мен асыл дініміз ислам жөнінде ойларын ортаға салды.
Тәрбие мен тағылымға толы кездесулер бұған дейін де ауданда тұрақты түрде ұйымдастырылып келген. Елге белгілі ақын-жазушылар,  абыз ақсақалдар және ақ жаулықты аналармен кездесіп, сыр-сұхбат алмасу, өмірі мен өнегесіне үңіле отырып, даналық пен ізгі жолды насихаттау шараларының  берері мол болғандықтан үнемі жалғасын тауып отырмақ.Бүгінгі құндылықтарды сақтай отырып келешекке мирас етуге, туған жер мен елдің қадір-қасиетін арттырып, сырына үңілуге шақырған жиынды қорытындылаған аудан басшысы Айтаханов:
-» Келелі кездесудің мәні мен мағынасы, бүкпесіз айтылған ойлар, қариялар ақылы жастар үшін ерекше құнды мағлұмат.  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»,-деп дана халқымыздың тәрбиелі құндылықтарының маңыздылығы да отбасы мен ұрпақты, ел мен жерді сыйлаудан көрініс табады. Мемлекеттің басты міндеті мен мақсаты да осы дәстүрлі құндылықтарымызды сақтап, келер ұрпаққа дұрыс жол көрсету. Бүгінгі  ізгілікті шарада ой бөлісіп, өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген қонақтарға алғысымды білдіремін»,-деді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.