• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Қазақстанда аты-жөнді өзгерту үшін не істеу керек?

27.11.2018
0

Жеке куәліктегі аты-жөнді өзгерту үшін не істеу керектігін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы түсіндіріп берді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай бүгінде жеке куәліктің жарамдылық мерзімі өтпесе де, қазақстандықтардың оны өзге бірнеше себеппен ауыстырып жүргенін айтады. Осы орайда ол Sputnik Қазақстан оқырмандарына жеке куәлікті ауыстыру үшін не істеу керектігін және не нәрсені ескеру қажет екенін айтып берді.

«Қазақстандықтар жеке куәліктерін өз есімі, әкесінің аты және тегі ауысқан жағдайда, жеке куәліктің жарамдылық мерзімі біткенде, бет келбетінде хирургиялық немесе тағы басқа өзгеріс болған жағдайда ауыстырады. Сондай-ақ, кей адам өз қалауынша ауыстырып жатады», — деді департамент басшысы Мұрат Жұманбай.Әрі қарай ол жеке куәлікті ауыстыру кезінде киімге мән беру қажеттігіне тоқталды. Яғни азаматтың киім үлгісі құжаттандыру талаптарына сәйкес келуі тиіс.

«Құжат ауыстыратын кезде азаматтың киім үлгісі тым ашық-шашық емес, беті мен құлағы ашық әрі жүзі толықтай көрінетіндей болғаны жөн», — деді ол.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, қазақстандықтар өзінің тегін кез келген уақытта ауыстыра алады. Ал есімін тек бір рет өзгерте алады. Жеке куәлікті қайта алу кезінде аты ауыспайды.

Күйеуімнің тегіне өту үшін не істеймін?

Департамент басшысының айтуынша, жеке куәлікті қандай себеппен ауыстыратыныңызға қарамастан, аса көп құжат әкелудің қажеті жоқ. Жеке куәлікті ауыстыру процесі тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асады.

Тағы оқыңыз: Полиция тіркеусіз жүргендерді анықтауға кірісті

«Күйеуіңіздің тегіне өту үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жеке куәлігіңізді, неке туралы куәлігіңізді алып ХҚКО-ға барасыз. Сол жерде тегіңізді ауыстыруға өтініш жазып, 481 теңге мемлекеттік баж салығын төлейсіз. Өзіңізбен бірге 3х4 суреттен төрт дана ала барғаныңыз жөн немесе оны халыққа қызмет көрсету орталығында түсуге болады», — деп түсіндірді Мұрат Жұманбай.

Мұнымен қатар, кей азаматтың салықтан босатылған жағдайда осы ақпаратты растайтын анықтама ұсынуы керектігін айтты. Заң бойынша салықтан алтын немесе күміс алқа иелері, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедек балаларды асырап алғандар, жетім балалар босатылған.

Мұндай жағдайда жеке куәлік 15 күнде дайын болады. Сондай-ақ, қосымша 5 000 теңге төлеп, бір жұмыс күнде немесе 2 752 теңге төлеп үш жұмыс күнінде әзірлетуге болады.

Есімімді өзгерту үшін не істеймін?

Мұрат Жұманбай қазақстандықтарға тегін ойдан құрастыруға тыйым салынғанын айтады. Бірақ азаматқа өзіне ұнаған есімді таңдауға рұқсат.

Есіміңізді өзгерту үшін, алдымен, ХҚКО арқылы азаматтардың хал актілерін жазу (АХАЖ) өкілетті органына акт жазбаларына өзгеріс енгізу туралы арыз жазу қажет. Өзіңізбен бірге мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес толық құжаттар пакеті болуы тиіс. Есіміңізді ауыстырғыңыз келетін өтініште неліктен мұндай шешім қабылдағаныңыздың себебін міндетті түрде жазасыз.

Мысалы, есім құлаққа жағымсыз естілсе, айтылуы қиын болса, азаматтың жынысы хирургиялық жолмен өзгертілсе және т.б. себеп болуы мүмкін. Есімді ауыстырған кезде де баж салығы 481 теңгені құрайды. 7 жұмыс күнінде дайын болады және бұл процесті жылдамдату қызметі жоқ. Акт жазбаларына өзгеріс енгізілгеннен кейін жеке куәлікті рәсімдеуге өтінім беру мүмкін болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген құжаттар тізімі:

  • өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжат;
  • туу туралы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
  • некені қию туралы куәліктің көшірмесі;
  • кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • баласы асырап алуды не әке болуды анықтау туралы куәліктің көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);
  • некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
  • 3х4 екі сурет;
  • мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
  • қызметті алушы атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруының себебін растайтын қосымша құжат.

Тегімдегі орысша жұрнақтарды алып тастауға бола ма?

Қазақстан Республикасы президентінің 1996 жылғы 2 ақпандағы ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы Жарлығының «Ұлты қазақ азаматтар өздерiнiң тегi мен әкесiнiң атының жазылуын қазақ тiлiне тән емес аффикстi алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Бұл ретте әкесiнiң атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздерi қосылып, бiрге жазылады» 1-тармағына сәйкес орысша жұрнақты алып тастауға болады.

Дереккөз: sputniknews.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.