• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Нұртас Оңдасынов — биліктен биік тұлға!

16.11.2018
2

Рухани астанадағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ұлт қайраткері Нұртас Оңдасынов жайлы түсірілген «Биліктен биік тұлға» атты деректі фильмнің тұсаукесері болып өтті. Аталмыш фильм Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың ұсынысымен түсірілген.

«Ер есімі – ел есінде». Қаймана қазақ қамы үшін өмірін сарп еткен Нұртас Оңдасынов жайлы түсірілген фильм қайраткердің бейнесін ғажап тереңдікпен жеткізе білген. Ешқандай «депті мен дейдісі» жоқ,  тек қағаз жүзіндегі нақты деректерге сүйеніп  түсірілген. «Ал Оңдасынов 85 жас өмір жолында  атқарған істері қаншама»-деген,  деген Зауытбек Тұрысбеков фильмнің басты кейіпкері жайында құнды деректер келтірді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков:

— «Келешек жастарда. Жастар бабаларымызды білмесе, олардың айыбы емес. Ол біздің айыбымыз. Біз оларға жеткізуіміз қажет. Сондықтан осындай жиындар көп өткізілуі керек. Мың өліп, мың тірілген қазақ. Бүгінгі күнге жету үшін қаншама батырларымыз бен даналармыз дүниеден озды. Оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, ұлықтайтын сіздер. Араларыңызда Нұртас Оңдасыновты білмейтіндер, оның Түркістанда туылғанын білмейтіндер бар. Сондықтан біз тұсаукесерді Түркістанда, Нұртас Дәндібайұлының туған жерінде өткізейік деп шештік».

Қазақстан Республикасы Президенті телерадио кешенінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Назгүл Әбутұрапова фильмнің авторы. «Жастарға өнеге болсын, рухани әлемін дамытсын, келешек ұрпақ ұмытпасын деп, қайраткердің тұлғасын толық ашуға тырыстық» — дейді автор.

Өмірлік жолы, еткен ерең еңбегімен ұштаса келе, қайран қазақтың қанжарынан қан тамған үкіметтен көрген қатігездігімен жалғасады фильм.  «Қой болса, оған қойшы да табылады. Жастар білім алуы керек» деп сауатсыздықты жою саясатында  талай қазақтың жастарын оқытып, қолдау көрсеткен  Нұртас  Оңдасынов. Олардың ішінде елдің ерке ақыны болған Фариза Оңғарсынова да бар.  Нұртас Дәндібайұлы үкімет басына келген жылдар Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген. Қиын-қыстауға қарамай, отандастарының атынан майдандағы жауынгерлерге қыруар көмек көрсетті. Ол соғыстың ауыртпалығынан тайсалмады, мәдениетке мән берді, Абай атындағы  опера және балет театрын ашылуында, қазақ кино өнерінің дамуында да өз қолтаңбасын қалдырды. Дүниеден озарынан бір ай бұрын, жүрегі сезгендей, аңыз тұлға жас журналист Гүлсім Оразалиеваны  Мәскеуге шақыртып, қолындағы бар қолжазба кітаптары мен 20 беттік естелігін табыстайды.

«Аманатқа қиянат жасамаңдар» деген хадис сөзін назарына ұстаған  тілші сонау 1980 жылдардың соңынан бүгінге дейін Оңдасыновтың аманатын арқалап, орта жолда қалдырмай, мұрағатқа құжаттарын тапсырды.  Ұлы тұлға жайында бірқатар естеліктер кітабы мен әдеби мемуар еңбектерін шығарып, халыққа насихаттап келеді. «Артында жоқтаушысы  жоқтан сақтасын. Нұртас атамның мені таңдап, маған аманат еткеніне қуанамын» дейді Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлсім Оразалиева.Әзиз халықтың қам қарекеті үшін өмірін сарп еткен, кең жүрекпен елін шын сүйе білген қайталанбас тұлға туған жерін қорғай білді. Батыс пен оңтүстіктің шет мемлекетке өтуіне де жол бермеді. Соның жолында қызметінен кетті. Өйткені ол атақтың артынан кеткен жоқ.. «Ешкімнің ешқашан жаны мен қанын мойныма артқан емеспін – арым таза, ешкімнің ешқашан  руын, жүзін сұраған емеспін – жүзім таза, ешкімнен ешқашан пәре алған емеспін – қолым таза»  — деп өміріне өзі түйін жасаған Нұртас Оңдасыновтың дана сөзімен аяқталды фильм.Ұрпаққа берері ұшан теңіз кеш соңында аталмыш білім орданың ректоры Болатбек Абдрасилов қонақтарға кәде сыйын ұсынып, маңызды іс-шараны шаңырақта өткізіп, шәкірттеріне рухани тәлім бергендеріне алғыс айтты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды». Ата-баба рухына тағзым жасап, келген қонақтар «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесіне зиярат жасады. Рухани қаланың ауасын тыныстап, бейресми толғаныс жасады.

«Ешкім де ешқашан ұмытылмайды». Кез келген ел тарихта алтын әріптермен жазылатындай   өзінің ірі тұлғаларымен, қадау-қадау қайраткерлерімен танылады. Шын жанашыр уақыт еншісімен дараланады. Халық ұлықтайды. Бүгінгі еліміздің даңғыл жолға түсіп, жарқын болашаққа көш бастауы кешегі ерлеріміздің, бүгінгі ұлт жанашырларының жемісі мен жеңісі. Жатса, тұрса елім деп соққан кең жүректі тұлғалардың асқақ армандары мен нұрлы үміттері ақталғай!

Айтолқын Молдабекова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.