Түркістан облыстық «Жастар ресурстарық орталығы» қала, аудандарда жастар саясатының даму сатысы мен жүзеге асырылу барысын бақылау үшін Созақ ауданы, Шолаққорған ауылына табан тіреді. Мұндағы мақсат жергілікті жердегі үздік жастарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таныту. Осы орайда ақпараттық топ құрылып, ауданда пресс-тур ұйымдастырылды.
Бірінші кезекте «Street Workout» спорт алаңшасы ашылу салтанатты рәсімі өтті. Шара барысында Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мен Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ағаділ Сатыпалдыға сөз алып, жастарды салауатты өмір салтына шақырды.
Айта кетелік, бұған дейін дене шынықтырудың бір түрі болып келген «Street Workout» — бүгінде спорттың жаңа түріне айналды десе де болады. Онда жастар турникте, қырлы бөренелерде және басқа да қондырғыларда әр түрлі күрделі жаттығулар жасайды.
Жансая ЕЛЕМЕСОВА.