Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«1 қарашада өңір активінің жиналысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа орынбасарын таныстырды», — деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
«ҚР президенті әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің жарлығымен облыс әкімінің жаңа орынбасары болып Таубаев Нұрлан Бақтыбаевич тағайындалды», — деді Н. Ноғаев.
Бұған дейін бұл қызметті Сүйіншалиев Жасұлан Асқарұлы атқарған еді. Ол бұл қызметінен берілген өтінішіне байланысты өз еркімен босатылды.
Әкім орынбасары болып тағайындалған Н. Таубаевтың жұмыс тәжірибесі мол, ол тұрғын үй-коммуналдық, көлік, құрылыс саласына жетекшілік етеді.
2018 жылдың 15 ақпанынан бастап бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.