Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жоғары оқу орындарының сапасы түлектердің жұмысқа орналасуымен бағаланатынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған орай қазір білім ордаларының рейтингін бірнеше саты бойынша анықтау жұмыстары қолға алынды. Біріншіден, еліміздегі жоғары оқу орындары халықаралық аккредитациядан өтеді. Оқу бағдарламасына шетелдік мамандар баға бермек. Сондай-ақ оқу орындары жұмыс беруші кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, арнайы кәсіптік стандарттар негізінде маман дайындау жүйесіне көшеді. Бүгінде елімізде 131 жоғары оқу орны бар. Бағалау көрсеткіштеріне сай келмеген білім ордаларының лицензиясы қайтарылып алынады. Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
– Университеттер тарапынан жауапкершілікті қатайту бойынша жұмыс істеуіміз керек. Қазір ЖОО профилизациясы бойынша жұмысқа тұру нақты көрсеткіші бойынша, егер жұмысқа тұру көрсеткіші төмен болса, олардың лицензияларын қайтып алу бойынша жұмысты министрлік жасап жатыр. Бүгіннің өзінде 20-дан астам лицензия қайтарылды. Осы категория бойынша: « Шымкенттегі 19 мектепте оқушылар үш ауысыммен білім алады
Дереккөз: 24.kz