• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жаңалықтар. 29 қазан, 2018 жыл.

30.10.2018
0

— Түркістан облысымен төрт түлігі қоралас, жайлауы жағалас жатқан Жамбыл облысының  орталығы Тараз қаласында ұлан асыр той. Қала тұрғындары мен қонақтарының игілігіне пайдалануға берілген 20 руханият нысаны көне шахардың келбетін ажарландыра түсті. Қоңыр күзде жасыл желекке оранған саябақтар келушілердің көңіліне үлкен қуаныш сыйлады. Ескерткіштер орнын тауып, жағалаулар жайқалып, суға 3 мыңдай балық жіберіліп, ағаш көшеттері отырғызылды.

— Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достығы универсиетінің негізін қалаушы, химия ғылымдарының докторы, профессор – Әбдімұса Қуатбеков дүниеден озды. Бар ғұмырын білім мен ізденіске арнаған азамат 1942 жылдың 4-маусымында дүниеге келген. Арыс ауданының тумасы. Ташкент мемлекеттік университетінде жоғарғы білім алып, еңбек жолын Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орнында оқытушы болып бастайды. Жамбыл, Қарағанды облыстарындағы университетте тәжірибе жинап, еңбек кітапшасын толықтырған. 2005 жылдан бастап Халықтар Достығы университетін қолға алып ректор, президент болып басшылық қызметті атқарды. Әбдімұса Қуатбеков ғұмыр жолында тек білімге ғана күш салған жоқ. Қайырымдылық пен қамқорлық жасау да оның өмірлік ұстанымы болды. Мәселен, өзі негізін қалаған оқу ордасында жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандар және жетім балалардың тегін білім алуына ықпал етті.  Болдым, толдым деп аспаған азамат. Талай шәкіртті өмір бәйгесіне қосқан Әбдімұса Мұратұлының ғылымға қосар жаңалығы әлі алда еді. П.Капица атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, білім беру ісінің Құрметті қызметкері 76 жасында бұл жалғанмен қоштасты. «Айғақ» телеарнасының ұжымы марқұмның отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

— Мектепте ақша жинау мен оқушылар арасында  болатын сан түрлі заңбұзушылықтар – әлі күнге дейін күйіп тұрған мәселе. Білім ордасы баланың келешегіне жол сілтейтін маңызды мекеме болғандықтан, ондағы жағдай жақсы болуы  керек. Осыған орай, Шымкент қаласындағы білім саласын бақылау департаменті дөңгелек үстелді қолға алып,  қамқоршылық кеңесін құруға білек сыбана кірісті.

— 29 қазан — дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні. Осыған орай Облыстық клиникалық ауруханадағы невропатологтар ашық есік күнін өткізді. Науқан барысында мамандар адамдардың қан айналымы жүйесіндегі ауруды және оның асқынуын дер кезінде анықтауды мақсат еткен. Мекеме қызметкерлері ашық есік күнін Оңтүстік Қазақсатан  медицина академиясының қызметкерлерімен бірге жүзеге асырды

—Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ елді мекенінде жаңа ем қабылдау орталығы пайдалануға берілді. «Ақ ниет» атауымен ашылған статционарлық орталық 50 адамға шақталған.  Жексенбі күні лентасы қиылған емханаға халық қалаулыларыда арнайы ат басын бұрды.  Ел игілігіне берілген ғимараттың құрылтайшысы жеке кәсіпкер Абдуғани Абдукаймов.

—Түлкібас ауданында білім ордаларының ішіндегі қасиетті қара шаңырағы саналатын Абай мектеп лицейінің құрылғанына биыл 80 жыл. Бүгінгі таңда білім деңгейі бойынша рейтингісі жоғары мектептердің көшін бастап тұрған білім ордасында талай азаматтар түлеп ұшқан. Және мектептің кәсіби өсуі өзге білім ошақтарына үлгі болып отыр.

 —Америка Құрама Штатының ең үздік«Халықаралық медициналық тәжірибе алмасу» коммерциялық емес ұйымы Мегаполисте семинар өткізді. 22-26 қазан аралығында өткен маңызды шараға Шымкент қаласындағы балалар дәрігерлері, акушер-гинекологтар, терапевтер қатысқан. Шет елден келген мамандардың негізгі мақсаты —  «Клиника дәрігерлері үшін медициналық генетика негіздері мен жетістіктері» тақырыбы аясында мастер-класс өткізіп, тәжірибесімен бөлісу. Сондай-ақ, күрделі жағдайдағы балаларды қабылдап, өз кеңестерін де берді.  Сонымен қатар, « Созылмалы В және С вирусын диагностикалау және емдеу туралы білімдерді жоғарылату» тақырыбын да қамтып, аталмыш вирустың атын естіп үркіп қашатындай себеп жоқ екендігін айтты.

—Қараша айы жаңбырмен басталмақ.  Қазгидромед синиоптиктерінің болжамынша алдағы 31 қазан мен 2 қараша күндері облысымызда ауа райы жауын-шашанды. Тіпті, арты қарға ұласады. Ауа температурасы түнде 1-ден 6 градусқа дейін, кей жерлерде 9 градусқа дейін төмендейтін болады. Ал, күндіз 2-ден 7 градусқа дейінгі аяз болады деп күтілуде. Осы аралықта облыстың кей аудандарында желдің ұйытқу қатері 15 пен 20 метр секундына дейін жетеді.

Previous Post

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ КӨНЕ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Next Post

Түркістан облысында жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаның құрылысы басталды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.