— Түркістан облысы әкімінің өкімімен Үсіпәлиев Тоқтар Оразұлы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. Тоқтар Оразұлы Үсіпәлиев 1972 жылы 22 қазанда Шымкент облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында дүниеге келген.
1990-1996 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыстағы экономика және басқару мамандығы бойынша инженер-экономист, 2003-2006 жылдары Орталық Азия университетінде газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығы бойынша инженер біліктілігін алып шыққан. Еңбек жолын 1997 жылы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау бойынша инспекторы болып бастаған. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің экономикалық талдау және жоспарлау басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы, 2003-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бастығының орынбасары, 2016-2018 жылдары Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
— Сондай ақ, Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың 2018 жылдың 23 қазандағы өкіміне сәйкес, облыстық Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжыммен таныстырған Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов Нұрбек Бақтыбайұлына үлкен сенімнің артылғанын атап өтті.
Нұрбек Бадырақов Бақтыбайұлы 1988 жылдың 11 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында дүниеге келген.
2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің су ресурстары және суды пайдалану бакалавры мамандығын, 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бітіріп ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі мамандығын алған. Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық басқармасының статист қызметінен бастаған.
2013-.2015ж.ж. аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;
2015-2016 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы Вице-министрінің кеңесшісі;
2017 – 2018 ж.ж. аралығыгда Шымкент қаласы әкімінің Аппарат басшысы;
2018 жылдан шілде айна дейін Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
— Түркістандықтар қала күнін тойлады. Айтулы күні облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, алдағы уақытта Түркістан қаласында көптеген жаңа нысандардың салынатынын жеткізді. Сонымен қатар, мерекелік шарада тек қазақстандық емес, Түркия, Үндістан, Өзбекстан және басқа да түркі тілдес елдердің ақын-жазушылары мен әдебиетшілері болды.
— Түркістан қаласында 5 жұлдызды «Rixos Khadisha Turkestan» қонақ үйі салынбақ. Бұл қонақ үй Рухани орталықтың туризмі мен көрікті келбетін арттыру мақсатында салынғалы жатқан алғашқы жобалардың бірі. Белгілі кәсіпкер Серікжан Сейтжановтың өз қаражаты есебімен салынатын құрылыстың жобасымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев танысып, жаңа нысанның капсуласын салды. Мұнан соң, облыс әкімі құрылысы аяқталған «Royal Grand»қонақ үйінің лента қию рәсіміне қатысты.
— SILKWAYхалықаралық университеті мен Кәсіпкерлер палатасы өзара түсіністік туралы келісім шартқа қол қойды. Мұндағы мақсат студенттерді бизнес жолына шақырып, қағидаларды түсіндіру. Қос тараптың өкілдері баяндама жасап, жиналған жастарға өмірлік кеңес айтты.
— Облыс орталығының өзгеруіне байланысты бұған дейін облыстық білім басқармасына қарасты болып келген Шымкент қаласындағы бірқатар орта арнаулы колледждер Шымкент қалалық білім басқармасының қарауына өтіп отыр. Солардың бірі бұған дейін 4 колледж аталып келген кәсіптік білім мекемесі өзгерістерге байланысты енді энергетика және байланыс колледжі деп аталады. Бүгінгі таңда 11 мамандық бойынша 900 ден астам студент білім алып жатқан мекемеде электр құрал жабдықтарын жөндеуші, электромонтер, слесарь-сантехник сынды қарапайым жұмысшы мамандықтарын мегеріп шығуға мүмкіндік мол.
— Елбасы Н.Назарбаев «Түркістан ежелден келе жатқан біріктіруші функциясынан жаңылған емес және түркі тілдес елдерді біріктіруші тірек болып табылады» -деген болатын. Бұл өлкенің киелілілігі алты алашқа белгілі. Сондай-ақ тарих қатпарларынан мәліметтер қоры мол.
— Ұлт көшбасшысы 2018 жылы 5 қазан күні Қазақстандықтарға арнаған кезекті Жолдауында сапалы баспаналардың қолжетімді болуын тапсырған болатын. Қазіргі уақытта елімізде Жолдау негізінде біршама жұмыстар атқарылуда. Яғни, ҚР Президентінің тапсырмасымен 2016 жылдың соңында Үкімет «Нұрлы жер» біріңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеген болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты — қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Алдағы 15 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 млн-ға жуық қолжетімді тұрғын үй салынса, олардың 500 000 –нан астамы таяу бес жылдың ішінде қолданысқа беріледі деген жоспар бар. Осыған орай Кентау қаласында 5 қабатты 60 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілмек. Нысандардың құрылысын «Стройсервис XXI» ЖШС жүргізген. Мәселен, Али Бекенов көшесінде бой көтерген тұрғын үйдің сметалық құны 435 млн 110 мың теңгені құрайды. 1 шаршы метрі 119 мың теңге. Сала мамандарының айтуынша, тұрғын үйдің сапасына кепілдік бар. 5 жыл мерзімінде қандай да бір мәселелер туындаса, өз қаражаты есебінен қайта жөндеуден өткізетін болады. Айта кетейік, Кентау қаласында осы секілді тағы да 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның құрылыс жұмыстарын аяқтау, кезекте тұрған жандардың қолына кілт табыстау 2019 жылға жоспарланып отыр екен.
— Қазақстандағы ішкі туризмнің бір бағыты — киелі Түркістан өңірі. Жұрт киелі орындарға зиярат етсе, сирек келетін шетелдіктер көне қалаларды қызықтайды. Осы орайда киелі Түркістан жеріне Солтүстік және Орталық Қазақстан облысынан бір топ қонақтар келді. Мыңдаған шақырымды артқа тастап келген отандастарымыз өңірімізде орналасқан бірнеше киелі орындармен көне ескерткіштерді тамашалады.
— Торқалы тоқсан жылдық мерейтойын тойлап жатқан аудандардың бірі-Бәйдібек ауданы. Қазба байлығы аз болғанмен, мал және егін шаруашылығына басымдық берген. Ауыл шаруашылығының күре тамырына қан жүгірткен ауданның бұл саладағы жеткен жетістігі салмақты. Осы ретте, 52 798 гектар аумақты алып жатқан Ағыбет ауыл округінің жемісті еңбегін айтпай кетуге болмас.
-Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаева өміріне 23 қазан күні қастандық жасалды. Шабуылдағандар оған бір рет оқ атып, дереу жасырынып үлгерген. Айта кетейік, бұл оқиға зардап шеккен азаматшаның үйінің жанында түскі үзіліс кезінде орын алған. Абырай болғанда, 53 жастағы Рабиға Бейсебаеваның алған жарақаты жеңіл. Бүгінгі таңда аталған оқиғаға байланысты екі күдікті азамат ұсталды деп хабарлайды IIД баспасөз қызметі.