2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың абоненттік құрылғыларын міндетті түрде тіркеу тәртібі қолданысқа енеді, — деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Азаматтар ұялы телефондарының IMEI-коды мен SIM-картасын және өзінің ЖСН-ін тіркетуі қажет. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Осыған байланысты, азаматтар байланыс құралдарын жылдың аяғына дейін тіркеуден өткізуі керек. «Ұялы байланыс филиалдарында қарбалас туғызбас үшін ертерек тіркелу туралы кеңес береміз. Бұл бірінші кезекте азаматтардың мүддесін қорғау үшін жасалып жатқан шара. Егер тіркелген телефон ұрланған жағдайда, оны байланыс операторлары бұғаттай алады. Ол үшін IMEI-код базада ұрланғандар тізімінде болуы тиіс», — делінген ҚР ІІМ таратқан хабарламада.
24.kz