• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 23 қазан, 2018 ЖЫЛ.

24.10.2018
0

— 20 Қазанда Қазақстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бейресми кездесу өткізді. Яғни, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Ал Мемлекет басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар басқосуда Қазақстан Республикасының  Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара  іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.  Осы орайда саялы Сарыағаш ауданының тұрғындары үш Президенттің нақ осы ауданда бас қосқандығын тарихи оқиға деп бағалап отыр.

— Үш мемлекет көшбасшылары кездескен орын Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округі аумағында орналасқан. Яғни табиғаты ерекше бұл аумақтың айналасы  аудан диқандарының еңбеккорлығын аңғартып тұрғандай. Себебі, мұндағы егістік телімдер тамшылатып суару технологиясы бойынша егілген  жүзім алқаптарымен жайқалып тұр. Сондықтан осы бір  еңбекқор өңірдің тұрғындары үш Мемлекет басшыларының Сарыағашта бас қосқандығын мақтан тұтады. Сондай-ақ, Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевтың көршілес елдермен тату -тәтті қарым қатынас орнатуының нәтижесінде бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болып отырғандығын айтқан аудан тұрғындары ел экономикасының қарышты алға жылжып әлеуметтік ахуалдың жақсара түскендігін Мемлекет басшысының қажырлы еңбегімен байланыстырады.

— Бүгін Үкімет отырысында инвестицияларды тарту мәселесін қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және ел экономикасына тартылатын шетелдік инвестициялардың көлемін ұлғайту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша инвестициялар тартудың барлық түйінді көрсеткіштері өсті. Жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындары құрылуда. Инвесторларға барлық деңгейлерде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде. Инвестициялар тартудың жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Дегенмен, Премьер-Министр қосымша жұмыстардың орындалуын талап ететін бірқатар аспектіге назар аударды.

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғановпен кездесті. Басқосуда өңірдегі білім саласының бүгінгі жай – күйі кеңінен сөз болды. Кездесу барысында аймақ басшысы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді негізге ала отырып, облыстағы білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. «Елбасымыз кезекті Жолдауында Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмыстарды нақтылап берді. Соның бірі білім беру жүйесінің сапасын арттыру. Қазіргі таңда өңірімізде осы бағытта бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, білім сапасын жақсартуды, одан бөлек аталған салада кездесетін кейбір кемшіліктермен күресуді заманауи технологиялардың көмегімен іске асыруды қолға алдық. Бүгінде мектептерге электронды күнделік жүйесін енгізіп жатырмыз. Мұның артықшылығы сонда, әрбір ата-ана өз баласын үнемі бақылауда ұстайтын болады. Қандай баға алғанын, сабаққа қаншалықты қатысып жүргені туралы ғаламтор арқылы біліп отыратын болады. Сондай-ақ, мектептерге ұстаздарды жұмысқа қабылдау шаралары да электронды жүйенің көмегімен атқарылуда. Бұл құжат рәсімдеу кезіндегі адами факторды азайтып, нәтижесінде жемқорлықтың алдын алуға сеп болады», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Елбасының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуына қаныққан халық қалаулысы алдағы уақытта Түркістан өңірінің өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлесін қосып, қолдау білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ, ол бірқатар аудан, қалалардағы сайлаушыларымен кездесіп, жергілікті жердегі атқарылып жатқан оңды істермен кеңінен танысты.

— Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі  барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуі тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Міне осы бағыт аясында  Сарыағаш   аудандық орталық  ауруханасында  да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Яғни, 190 мыңнан астам  тұрғынға қызмет көрсететін мекемеде медициналық қызмет түрлерін  цифрлық жүйеге қосу бойынша кешенді жұмыстар атқарылып отыр.

— Отырар ауданында анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің кәсіби мерекесіне арналған жиын өтті. Еркін форматта өткен басқосуда аудан басшысы Ерлан Айтаханов дәрігерлерді мерекелерімен құттықтады. Ағынан жарылып ізгі тілегін жеткізген аудан әкімі мұнан соң медицина қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, келелі жиын концерттік бағдарламаға ұласып, отырарлық өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. Өлі мен тірінің арасында бір демі әрі, бір демі бері жатқан науқасты қайта өмірге әкелетін реаниматолог дәрігерлердің еңбегі ерен. Бұл жалғаннан күдер үзген миллиондарға үміт отын сыйлап, уақытпен санаспай, Гиппократтың антына әрдайым адал жандар. Адам жанының арашасысы болған ақ халатты абзал жандарға қандай құрмет көрсетсекте артық емес.

— Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және Шымкент  медицина колледжінің  студенттері  халықаралық стандартқа сай симуляциялық оқыту курсынан өтуде. Осы мақсатта аталмыш медицина колледжіне  Якутия Республикасының жоғары білікті оқу ордасынан оқытушылар мен студенттер келіп, теориямен практиканы ұштастыруда.

— Үшінші мегаполисте жұмыссыз жастардың саны 2,4%-ды құрап отыр. Яғни, қазіргі нарықтық кезеңінде жастардың көбі сұраныс аз мамандық иесі атануына байланысты аталған статистикалық мәліметтің саны өсуде. Осының алдын алу мақсатында Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының және жұмыспен қамтту орталығының мамандары бірлесіп №24 Саттар Ерубаев атындағы мектеп лицейінің оқушыларымен кездесті.

— «Домалақ ана» кесенесінің шырақшысы Сәттігүл Молдабекқызының ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданының қарттарына арналған ізгілікті іс-шара өтті. Оған ауыл  қариялары,ақ жаулықты аналар мен  батыр аналар шақырылған.

 

 

Бөлісу5TweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.