• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жаңалықтар. 19 қазан. 2018 жыл.

20.10.2018
1

—  Түркістан облысында келер жылы 8 медициналық нысанның құрылысы басталмақ. Бұл туралы аймаққа арнайы келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Алдымен жергілікті емханалардың біріне аялдаған сала басшысы өз әріптестеріне Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттерді жан-жақты түсіндірді. Мұнан соң Түркістан облысының әкімімен бірге қаладағы жоғары медицина колледжіне барып, студенттермен жүздесті.

— Жақында ғана сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды  өз жұмыстарына белсене кірісті. Бұлай деуімізге себеп, Сенаторлар «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси Кеңесі мүшелерімен кездесті. Оның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының 2018 жылғы    5 қазанда қазақстандықтарға арнаған кезекті Жолдауын қолдау. Мәжіліс барысында Президенттің кезекті маңызды құжатында көрсетілген барлық бағыттарға жеке-жеке тоқталып, оның мәні мен маңыздылығы толығымен айтылды. Сондай-ақ, партия қызметкерлерімен пікір алмасып, алда атқарылатын жұмыстардың жоспарлары да қызу талқыланды. Осы орайда Сенат депутаттары бұл Жолдаудың ерекшелігі көп, соның ішінде жастар үшін серпін беретін жағымды тұстары да жеткілікті, әрі бұл оларға берілген зор мүмкіндік дейді. Естеріңізге сала кетейік, 5 қазан күні үшінші Мегаполистен алғаш рет Сенаторлыққа екі депутат сайланып, оларды Орталық сайлау комиссиясы 8 қазан күні тіркеген болатын.

— 19 қазан — Құтқарушылар күні. Басын қатерге тігіп өзгеге өмір сыйлайтын маман иелерінің төл мерекесі. Айтулы датаға биыл 23 жыл толып отыр. Осыған орай «Абай» саябағында төтенше жағдайлар қызметі барысында өмірден өткен құрбандарға арналып, ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға қала мэрі Ғабидолла Әбдірахымов пен ІІМ орынбасары Юрий Ильин арнайы келіп, қатысты.

— Қазығұрт ауданының халқы 90 жылдық мерейтойын тойлады. Салтанатты шара «Қазығұрт» монументінің ашылуы рәсімінен бастау алды. Мерекеге  Қазығұрт ауданының тумалары, ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдірахманов, Мемлекет және қоғам кайраткерлері мен зиялы кауым өкілдері қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде 90 жылдык мерекеде ауданның әзірлеген этнокөрмесі көпшілікке ұсынылды. Сондай-ақ, мерейлі күні «Болашақ» мөлтекауданындағы 16 пәтерлі 4 тұрғын үй, 100 орындық өнер мектебі, 210 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

— Қазығұрт ауданында 90 жылдық мерейтойға  орай спорттық ойындар да ұйымдастырылып, дүбірлі додалар өткізілді. Соның бірі  ересектер арасында ұлттық ат спорты түрлерінен ұйымдастырылған облыстық денгейдегі турнир болатын. Яғни қаржылай жүлделер тігілген командалық көкпар ойыны мен жалпы көкпар додасы білекті де жүректі шабандоздардың басын қосты. Айта кету керек, командалық көкпардың жүлде қоры 1 млн тенгені құраса, жаппай көкпар тарту  кезеңінде алғашқы салым 90 мың тенгеден басталды.

—  Ордабасы ауданының инфрақұрылым саласы жоспарға сай орындалуда. Аудандағы  елді мекендерді көгілдір отынмен, ауыз сумен және электр жүйесімен, сондай-ақ, тегіс жолдармен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жауапты мамандар Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген экономикалық–әлеуметтік дамудағы тапсырмаларды жүзеге асыруды көздейді.

 

Previous Post

Қазақстанда ІІД атауы Полиция департаменті болып өзгерді

Next Post

Сарыағашта Елбасы В.Путин және Ш.Мирзиеевпен кездесті

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Comments 1

  1. Перизат says:
    8 лет ago

    http://www.enbek.gov.kz/ru/node/352011

    Проголосуйте за лучшего молодого сотрудника производства АО «АрселорМиттал Темиртау»! Поддержим нашего металлурга!

    Ответить

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.