Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 119 жоба және 73 іс-шара жүзеге асырылып жатыр.
Оған 3 миллиард 50 миллион теңге жұмсалмақ. Бұл қаражаттың 90 пайыздан астамы меценаттардың есебінен болып отыр.
Әсіресе әлеуметтік нысандарға басымдық берілген.
Өңірде жыл басынан бері осындай 30 нысан пайдалануға берілді. Оның 8-і спорттық, екеуі мәдени, 17-сі абаттандыру нысандары мен екеуі балабақша.
Жыл соңына дейін жалпы құны 1 миллиард теңгенің тағы 15 жобасы іске асырылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін облыста 80-ге жуық қалталы азамат «Туған жерге туыңды тік!» акциясына қатысуға ниет білдірген.
Берік Уәли, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы: — Кіші жоба, үлкен жоба жоспарланған. Соның 73 шарасы жүзеге асырылды. Қалған шаралардың барлығы жыл аяғына дейін жоспарланған, жыл соңына дейін іске асады деп ойлаймын. Бізді қуантатыны, осыншама жерлестеріміз туған еліне, жеріне, ауылына қол ұшын беріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар «Жерлестер» форумы аясында бұдан да өсуі мүмкін.
24.kz