Жастар арасындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға арналған шара алғаш рет Меркі ауданында ұйымдастырылды.
Сессияға еліміздің түкпір-түкпірінен екі жүзден астам жас жиналды.
Оларға кәсіподақ көшбасшылары мен осы ұйымның қалыптасуына еңбек сіңірген азаматтар келіп арнайы дәріс оқып, тренинг өткізді. Шара соңында қатысушылар арнайы сынақ тапсырып, сыннан өткендерге сертификат табысталмақ.
Үш күнге созылған форумда еңбекке араласқан жастарға ортақ корпоративтік стандарт әзірлеу мәселесі сөз болды.
Сондай-ақ жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюдың жолдары да кеңінен талқыланды.
Бақытжан Әбдірайымов, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы: — Бұл жұмыссыздықтың түбі қайда жатыр? Оны қалай шешуге болады, оның жолдарын, шешу көздерін жастар да жақсы біледі. Біз солармен пікір алмасып, пікірлерін біліп, ертең оны іс ретінде, ұсыныс ретінде Үкіметке, басқа да лауазымды орындарға ұсыныс жасай аламыз.
24.kz