Елімізде жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау пропорционалдық жүйеге көшеді.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары барынша қорғалады.
Бұл өзгерістер сайлау туралы заңнамаға енгізілді. Осыған байланысты бүгін Орталық сайлау комиссиясы мен Қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам институттарымен бірлескен отырыс өткізді.
Мамандардың айтуынша, қоғамдық-саяси процестерде үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру қажет.
Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша халықтың 65%-ы үкіметтік емес ұйымдардың сайлау процесіне мониториг жүргізіп, талдау жасауға және байқаушы ретінде қатысуы тиіс деп жауап беріпті.
Ақылбек Ерданов , ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: — Ең бірінші сол пропорциялар жүйесі қазір былай өзгертіп жатыр. Былтыр мысалы осындай мәселелер болған жоқ. Енді келесі жылдан бастап қаңтар айынан бастап осымен біз айналысып жатырмыз. Келесі сайлау күндері маслихат бойынша осы пропорциялық жүйені енгіземіз. Екінші мәселе ол электораттардың өкілдіктерін үйрету, оқыту.
24.kz