Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымын қорытындылады.
Жыл басынан бергі есеп бойынша Түркістан облысындағы су объектілерінде жиырма төрт оқиға тіркеліп, жиырма алты адам қаза тапқан. Оның ішінде кәмелетке толмағандар саны он төрт. Ал, Шымкент қаласында төрт оқыс оқиға орын алып, төрт адам суға кеткен. Оның ішінде екі жас бала көз жұмған.
Мұндай қайғылы оқиғалардың санын азайту мақсатында төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға насихаттау жұмыстарын жүргізіп, ескерту шараларының санын арттырған.
Нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда қайғылы оқиғалар саны он үш пайызға төмендеген. Мамандардың айтуынша тіркелген оқиғалардың барлығы шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алған.
Сондай-ақ, қыс маусымында да суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар атқарыла бермек.
Аруна Пернебек