• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тараздықтар асық ойынының «Үшбас» атты жаңа түрін шығарды

27.09.2018
0

ТАРАЗ. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұстаздары «Үшбас» спорттық асық ойынын ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тараз қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, асық ойынының жаңа түрін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогтары — доцент, Аймақтық менеджмент академиясының қауымдастырылған профессоры Бекболат Аманжолұлы, доцент, ф.ғ.к Жамбыл Елемесұлы, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Дархан Ізтілеуұлы ойлап тапты. «Үшбас» асық ойыны және оны ойнайтын жер түрлі идеяларды қамти отырып, қазіргі заманға лайықты етіп жасалған. Ол шахмат тақтасына ұқсас жиналмалы үстел үстінде ойналады. Көлемі 1 х 1 метрді құрайды, көтеріп жүруге ыңғайлы, жоғары беті ұлттық нақышта жасалған.

«Тақтаның біріккен жеріне, яғни орта тұсына 12 асық тігіледі. Әр асық орналасатын жерге қазақ халқының 12 жыл қайыру күнтізбесіндегі аң суреттері салынған. Тақта (үстел) биіктігі 40 см. Үстелдің шеттеріне атылған асықтар салынып отыратын торлар орналастырылған. Тор қақпаға ұқсас, екі шетінде тіреуі бар. Үстел беті арнайы матамен қапталған.

Ойын төрешінің 3 сақаны бір қолдың алақанына алып, үстел үстіне шашып тастауынан басталады. 3 сақаның түсуіне байланысты (1 алшы, 2 алшы, 3 алшы немесе әртүрлі) ату кезегін анықтап алады. Яғни алшы түсуі міндет болып саналады. Бұл ойынды екі немесе келісім бойынша жұп, топ болып ойнауға болады.

Ойын бастаушы 3 сақаны алып (өзі немесе жұп, топ болып) ойынға кіріседі.

Ойын ережесінде асық ойналатын үстелге өте жақын тұруға болмайды. Жақындап, ойынға кедергі келтірсе немесе ойын ережесінің бұзылу жағдайында айып төленеді. Айып ақшалай төленеді. Айып төленбесе ойыншы (жұп, топ) ойыннан шығарылады. Бұл асық ойынының міндеті болып саналады. Оны төреші өзі белгілейді.

Ойын үстелінен кері 1, 2 және 3 метр, яғни ойыншының жас ерекшелігіне байланысты өріс сызығында тұрып, 3 сақамен кезек-кезек асықтар атылады. Әрбір ойыншыға үш атыстан кезек беріледі. Үш атыстан кейін келесі беттегі ойыншы ойынды жалғастырады. Ол да дәл осы іс-әрекетті қайталайды», — дейді Дархан Ізтілеуұлы.

Ойыншылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ату қашықтығы келесідей белгіленеді: 6-10 жасқа дейін — 1 метрден, 11-16 жасқа дейін — 2 метрден, 17 жастан жоғары — 3 метрден. Ойынды тек төреші ғана басқарады. Үш атыс кезінде ортаға қойылған 12 асықтың біреуі болсын торға түсуі керек. Ал сақаның қайда, қалай жатуы міндет емес. Тек асықтың торға түсуі есепке алынады. Асықтарды атқан кезде, асық үстел үстінде қалса, сол жатқан жерінде қалады. Жерге түсіп кеткен жағдайда ол арнайы белгіленген айып алаңына қойылады.

Ойын 12 асық біткенше ойнала береді. Егер ойынды бастаушы ешқандай асықты торға түсіре алмаса, екінші ойыншыға кезек беріледі. «Төреші ойыншының ұтқан асықтарын есепке алады. Қай ойыншының асығы көп болса, сол жеңімпаз болып есептеледі.

Ойын тең болған жағдайда төреші «Үшбас» спорттық асық ойынының ережесімен екі ойыншының туған жылын қазақ халқының жыл қайыру күнтізбесімен анықтап, ойыншылардың өзіне тән жыл қайырудағы аң басына асықты қойып атады. Асыққа тигізсе, ойыншы жеңген болып есептеледі.Асыққа тигізбесе, келесі ойыншы осы ереже бойынша жалғастыра береді, яғни асыққа тигізу міндет», — деп толықтырды Дархан Ізтілеуұлы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.