• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қ. Қасымов жергілікті полиция қызметі туралы: әкім тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға толықтай жауапты болады

26.09.2018
0

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жергілікті полиция жұмысындағы полиция қызметі мен әкімнің рөлін біріктіру туралы айтып берді.

Мұндай өзгерістерді қолға алмас бұрын біз талай шет елдердің тәжірибесін зерттедік. Өйткені, жергілікті полицияға қойылатын міндет (құқық бұзушылықтың алдын алу, нөлдік төзімділік, қоғамдық тәртіп) расымен де, жергілікті маңызға ие. Қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылықты болдырмау үшін жергілікті қауымдастық пен әкімдердің атқаратын рөлінің артуын қалаймын. Сол себепті жергілікті полиция қызметін құрдық», — деді Қ. Қасымов.

Оның айтуынша, бұл жүйе жұмыс істеп келген екі жылдың ішінде Ішкі істер министрлігі нәтижелерді қорытындылап, екі қызметті біріктіру туралы шешім қабылдады.

«Біз екі полиция қызметінің жұмысын байқадық. Біріншісі – Ішкі істер департаменті, екіншісі – Жергілікті полиция қызметі, сондықтан тағы бір зерттей келе, екі полиция қызметін біріктіруді ұсындық. Жарлыққа Елбасы қол қойды. Енді Ішкі істер департаменттері полиция бөлімшелері болып ауысты. Мысалы, енді Астана немесе Алматы полициясы департаменті болып аталады», — дейді ол.

Осылайша, осы жылдың 12 шілдесінде органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған заңдардың бірі қабылданды. Заң бойынша Ішкі істер департаменттері Полиция департаменттері болып өзгертілді. Жергілікті полиция қызметі өзінің бұрынғы міндеттерін сақтай отырып, құрылымдық бөлімше ретінде қосылды.

Бүгінгі күні әкімдер полиция бөлімшелерінің басшыларын (Ішкі істер министрінің ұсынысы бойынша) тағайындауға және қызметінен босатуға, сонымен қатар, полиция органдарына заң бұзушылықты болдырмау міндетін қоюға құқылы. Тек полицияның жедел-тергеу және іс жүргізу іс-әрекеттеріне кірісе алмайды.

Ұлт Жоспарының 30-шы қадамын іске асыру үшін жергілікті полиция қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қызметін бастады. Басты мақсат жергілікті қоғамдастық алдындағы есеп беруді қамтамасыз етіп, халықтың полиция жұмысына деген сенімін арттыру болатын.

Қ. Қасымовтың айтуынша, бұл өзгерістің басты жаңалығы енді Полиция бөлімінің бастығы бәріне жауапты болады. Әрі бұл лауазымға басшыны өңір не қала әкімдері өздері тағайындайды. Осылайша, жедел-іздестіру және тергеу қызметінің сұрақтарынан басқа барлық құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселесінде әкім жауапты болмақ.

«Біз бұл істі бұрыннан қолға алғымыз келіп еді. Өйткені Ішкі істер департаментінде қылмыстық инспекция, төтенше жағдайлар мәселелері бәрі бірге қаралатын. Енді Полиция департаментінде полиция қызметкеткерлерінен басқа ешкім болмайды. Тек полиция қызметі ғана болады. Жергілікті полиция толық құраммен осы департаментке кіреді», — деді министр.

Енді жергілікті қауымдастық алдындағы полицияның жауапкершілігін арттыру мақсатында полиция басқармасының бастығы кем дегенде жылына бір рет әкімге және халыққа есеп беруге міндетті. Сонымен қатар, әр тоқсан сайын учаскелік инспектор өз аумағының тұрғындары алдында есеп беруі заң жүзінде бекітілді. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.