2019 жылдың соңына қарай қалалардың 97%, ал ауылдардың 62% ауызсумен қамтамасыз етіледі.
Бұл жұмыстар өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.
Аталған міндет шеңберінде 2015-2017 жылдары топтық су-тартқыштар салу және реконструкциялау бойынша жалпы сомасы 23,5 млрд теңгеге 48 жобаны іске асыру бойынша шаралар қабылданды.
2018 жылға 15 жобаны іске асыру мақсатында 15,2 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ 1 мың 475 ауылдық елді мекенді жерасты су қорымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді.
Осы міндет бойынша мынадай көрсеткіштер іске асырылуда: қалалық желілердегі ақауды азайту, қалаларда су тоғандарына ағызу кезінде, нормативтік тазартылған ағынды сулардың үлесі, қалалық жүйелердегі су ысырабының деңгейі, суды есепке алу құрылғыларын орнату.
24.kz