• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Отырар өлкесінің тарихы жайлы «Отырар жәдігерлері» кітабы жарыққа шықты

24.09.2018
0

Отырар өлкесіндегі ежелгі заттық және рухани, мәдени мұралар «Отырар жәдігерлері жинағымен жарық көрді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында болашақ ұрпақтың өткенге баға беріп, құнын қастерлеуге жол салатын деректер алтын қазынасын салмақты кітап етіп мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов және әдебиет зерттеушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Абдулла Жұмашев жинақтаған альбом-кітап  Отырар өркениеті қалыптастырған заттық-тұрмыстық және рухани мәдениет жайлы сыр шертеді. Онда Әбу Нәсір әл-Фараби және оның арғы-бергі ізбасарлары мен тасбаспа мұралары, олардың өзі және отбасы тұтынған қолөнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары, шаруашылық құрал-саймандары, Отырардың құпия көмбелері, сондай-ақ, 1930 жылға дейін Арыстанбаб кесене-мешіті жанында рухани ағарту ошағы болған шағын мұсылман кітапханасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың киелі өңірге сапарлары мен зиялы қауыммен кездесуі, күні бүгінге дейінгі ұлылардың ұлағатты ізін суытпай, өз аяңымен жалғап келе жатқан кейінгі буынның да өткенге із қалдырар істері туралы сөз болады.
Ежелгі Отырар қаласының дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі, ондағы алар орны бүкіл әлемге аян.  Қазақтың біртуар перзенттерінің археологиялық қазба нәтижелері мен деректерді топтастыра отырып келшекке қалдырған жауһар мұралары тарихи жинақтама арқылы Отырар өлкесіне ғана емес, барша түркі жұртына тарала бастады.
«Ғалымдардың айтуы бойынша жазба дерек, дерегі ең аз елміз, бірақ ескерткіштерге ең бай елміз. Біз жазба дерегіміз жиырма пайыз десек, 80 пайыз тарихымыз ескерткіштерде тұр. Еліміздің қайсы бір төбесі мен жәдігерлерінің сырына үңілсеңіз тұнып тұрған тарихы бар. Ал  Отырар жайлы аз айтылып, жазылып жатқан  жоқ. Бірақ, сол деректердің бәрінің басын қосып,  келер ұрпақтың еншісіне қалдыру жұмысы Отырар ауданының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтахановтың бастамасымен жүзеге асты.  «Отырар жәдігерлері» жылы шағын кітап ретінде жарық көрді. Ал биыл деректер мен тарихи құндылықтар жайлы ақпараттар толықтырылып, үлкен энциклопедия түрінде жарыққа шықты. Қуаныш Айтаханұлы Отырар ауданын басқарған жылдары осы ұсынысын жеткізген болатын. Отырардың тарихи құндылықтарымен қатар, осы өлкеден шыққан ақын-жазушылар да енгізілді. Елбасының Отырарға сапарлары жайлы да толық баяндалады.Бұл кітапта 40 жылдық еңбек бар. Қуаныш Айтаханұлы бір жыл көлемінде жазып шықты»,-дейді «Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби» музейінің негізін қалаушы, әдебиет зерттеушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Абдулла Жұмашев.
Отырарды ұлылардың Отаны деп босқа айтпайды. Ұлылардың басында Әбу Насыр әл-Фараби тұрғаны белгілі. Әл Фарабидің қасында тағы да отыз әл Фараби болған дейді. Оның бәрі тегін емес. Ал олардың сарқыты — кешегі Өзбекәлі, Шәмшілер. Күні бүгін күллі түркі жұрты бас сұғып, жәдігерін тамашалап жүрген «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің негізін қалаған Асантай Әлімов атты музей жанашыры болатын. Ол кісіні «Музей адам» деп атайтынбыз. Музейдегі жәдігерлерді аянбай жинақтап, келер ұрпаққа табыстады. Музей үшін нағыз берілген жан еді. Сол Асантай Әлімовтің тәлімін алған бірден-бір шәкірті — Абдулла Жұмашев. Бар ғұмырын іздеу, еңбектену, жинақтауға арнап келеді. Қуаныш аға екеуі Отырардан шыққан барлық ақын-жазушыларды түгендеп, кітапқа енгізгеніне қуандым. Бүгінгі асыл дүниені келешек ұрпақ оқиды. Қасиетті жерде туған  шешен сөз зергерлерін де тарих бетінен танитын болады. Елі үшін аянбай, бар жан-тәнін салатын Қуаныштай, Абдулладай жанашыр ағалары бар ел бақытты. Кітапта бүгінгі қос тұлғаның қолтаңбалары ерекше сайрап тұр»,-дейді Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова. «Отырар жәдігерлері» кітап-альбомына от ауыз,  орақ тілді қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы Әселхан Әлішеріқызының «Жәдігерлерім» өлеңі енген.
1000 дана таралыммен жарық көрген «Отырар жәдігерлері» кітап-альбомына жуырда ғана Түркістан қаласы мен Отырар ауданының мәдени-рухани тыныс-тіршілігімен танысуға Ұлыбритания, Индонезия, Италия, Қытай, Корея,
Польша, Франциядан арнайы келген журналистер де қызығушылық танытып, оң пікірлерін білдіріп сыйға алған болатын.
Отырықшы мәдениеттің ошағы, әлемдік мәдениеттердің іргелі орталығы, дүниеде теңдесі жоқ ұлы ойшыл Әбу Нәсір әл-Фарабидің туған жері, Қожа Ахмет Ясауидің ұлы ұстазы, бабтардың бабы Арыстанбабтың, Орта Азияны билеген атақты әмірші Әмір Темірдің ақырғы демін алып, Алла аманатын тапсырған мекені, ұлт мұрасы жайын ойлаған Өзбекәлі Жәнібековтей қоғам қайраткері,  әнімен қазақтың ұлттық болмысын айқындап, әнұранын тудырған Шәмші Қалдаяқовтай, өткір ой мен орамды сөзден өлең өріп, тұлғасы шыншылдық биігінде ерек Мұхтар Шахановтай ұлы ұрпағы бар Отырар даласының дархан тарихы ел келешегінің рухани байлығын көксеген,  халық сүйіспеншілігіне бөленген қос тұлға-Оңтүстіктің Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері  Қуаныш Айтаханов пен әдебиет зерттеушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Абдулла Жұмашевтардың еңбегімен жалғасын тапты.

Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.