Жапонияның қазіргі үкімет басшысы Синдзо Абэ үшінші рет либералдық-демократиялық партияның төрағасы болып сайланып, 2021 жылға дейін премьер-министр қызметін атқаратын болды.
Партия ішінде өткен саяси додаға Синдзо Абэмен бірге әр жылдары Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы және Аймақтарды дамыту министрі болған Сигэру Исиба түсті. Бірақ партия мүшелерінің басым бөлігі Абэге қолдау білдірді.
Айта кеткен жөн, Жапонияның саяси жүйесіне байланысты парламенттік сайлауда жеңіп шыққан партияның төрағасы ел премьер-министрі болып тағайындалады.
Ал партия төрағасы үш жыл сайын бекітіледі. Либералдық-демократиялық партияның соңғы сайлауы 2012 жылы өткен болатын.
24.kz