Пхеньяндағы саммит әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының да назарынан тыс қалған жоқ.
«The New-York Times» газеті бұл саммитті аяқталмаған іске балапты. Басылымның жазуынша, Мун Чже Ин бұрынғы президенттің саясатын жалғастырмақ ниетте.
Өйткені Ро Му Хеннің қос Кореяны ымыраға келтіру жоспары Солтүстік Кореяның ядролық саясатына қатысты жүзеге аспай қалған. Ал британиялық «The Guardian» басылымы Солтүстік және Оңтүстік Кореяның саммитінен соң АҚШ ядролық келіссөздерді жалғастыруға дайын екендігін жазады.
Себебі қос Кореяның кездесуінде Ким Чен Ын «АҚШ-пен ортақ келісімге келсек, елдегі ядролық сынақ алаңдары мен басты Йонбен ядролық кешенін жабуға келісемін» деп мәлімдеген.
Жалпы әлемдік басылымдардың басым бөлігі ядролық саясатқа қатысты соңғы сөз Дональд Трампта деп топшылаған.
24.kz