Келер жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі.
Бастама «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылады.
Тың реформаны өңірде оңтайлы іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Осылайша, жаңа жылдан бастап солтүстіктегі мамандардың айлық табысы факторлық-балдық шкала жүйесі арқылы, бағаланады деп жоспарлануда. Бұл ретте азаматтың еңбек өтілі, жауапкершілігі және жұмыс ауыртпалығы ескеріледі.
Жалпы айта кету қажет, бүгінгі күні өңірде 4,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар.
Ләззат Жүкенова, облыстық әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің меңгерушісі: — Бұл бірінші кезекте азаматтарды мемлекеттік қызметке келуге ынталандырады. Әр маман жасаған еңбегіне байланысты айлығын алатын болады.
Оның үстіне жаңа жүйе қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырады.
24.kz