• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Машина жасау ұлттық өнеркәсіптің технологиялық дамуының көрсеткіші – вице-министр

21.09.2018
0

Индустрияландыру аясында 100-ден аса ірі жоба іске асырылды.

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр машина жасау саласының кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды bnews.kz.

Бүгін Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы басталды, онда машина жасаушылар саласын дамытудың өзекті мәселерімен қатар, жалпы өңдеу өнеркәсібінің ауқымды жүйелік мәселелері де талқыланады.

Роман Склярдың айтуынша, машина жасау деңгейі жалпы ұлттық өнеркәсіптің технологиялық дамуының көрсеткіші саналады.

«Өздеріңіз білетіндей, машина жасау – ең күрделі әрі сараланған салалардың бірі. Сондықтан да болар, машина жасау саласы мемлекеттік реттеу шараларына аса бағынышты келеді. Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейіне қарамастан, машина жасау – мемлекет тарапынан елеулі қолдау шаралары ұсынылып жатқан, болашағы зор салалардың бірі», – деді бірінші вице-министр.

Бұл сала еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында басымдыққа ие сала ретінде анықталды. ИИДМБ бірінші бесжылдығын іске асыру жылдары машина жасау өте қарқынды дамып келе жатқан салаға айналды. Саладағы өндіріс көлемі 2010 жылғы 376 млрд теңгеден 2014 жылы 870 млрд теңгеге дейін 2,3 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі отандық машина жасау үлесі 9,7%-дан 14,8%-ға дейін өсті. Жалпы индустрияландыру жылдарында машина жасау саласында 100-ден аса жоба жүзеге асырылды.

ҚР ИДМ деректері бойынша, 2018 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі 638,1 млрд теңгеден асты, өндіріс өсімі – 13,8% құрады. Машина жасау салалары арасында өсімнің ең үлкен динамикасын автомобиль жасау секторы көрсетеді. Осы жылдың 8 айы ішінде 117,7 млрд теңгеге 19 мыңнан астам автомобиль шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артық.

Роман Склярдың айтуынша, саланы мемлекеттік реттеу механизмдері Қазақстан дербес мемлекет болып қалыптаса бастаған кезден бастап құлдилады және бұл процесс саланың жай-күйіне ғана емес, елдегі және әлемдегі экономикаға байланысты болды. Мемлекеттік қолдаудың баламалы шараларын әзірлеу мақсатында Кәсіпкерлік, салық және Кедендік кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Машина жасауды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпорындарды да, тұтынушыларды да жеңілдікпен несиелендірумен қамтамасыз етіп отыр. Мәселен, «Бәйтерек» ҰБХ арқылы көптеген қызмет түрлері ұсынылады, оның ішінде өндірістерді құру немесе жаңғырту бойынша жобаларды қаржыландыру және банк займдарының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бар.

«Осыған байланысты мысал ретінде жеңілдікпен автонесие беру және лизингтік қаржыландыру бағдарламасын атап өткен жөн, оның арқасында экономикалық құлдырау кезеңінде қазақстандық өнімге деген сұранысты ынталандырып, отандық автоқұрастыру кәсіпорындарын қолдау мүмкін болды», – деді Роман Скляр.

Сонымен қатар, «Қазақинвест» арқылы экспортты қолдау сияқты жалпы қолдау шаралары, сондай-ақ «Бәйтерек» желісі бойынша индустриялық жобаларды дамытуды ынталандыратын басқа да шаралар қолға алынған.

Роман Скляр машина жасау саласын одан әрі дамыту мақсатында биыл Инвестициялар және даму министрлігі ҚР Машина жасаушылар одағымен бірлесіп 2019-2030 жж. арналған Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының жобасын әзірлегенін айтты, оны VI Қазақстан машина жасаушылар форумының аясында мемлекеттік органдар, даму және бизнес институттарының өкілдері талқылайтын болады.

Сөз соңында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр аталған дамып келе жатқан саланы дамыту мақсатында мемлекеттік реттеудің қажеттілігін және бизнес үшін қолдау құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету саясатын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.